Толқын Забирова екінші мәрте короновирус жұқтырды

5499
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әнші Толқын Забирова және оның 74 жастағы анасы тағы да  коронавируспен ауырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram желісінде хабарлады.

"Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп... Антителаның арқасында жеңілірек өтіп жатыр.Тек мамама ауыр болып тұр! Жасы 74! Алла шипасын берсін мамама! Дер кезінде прививка алған дұрыс екен. Бірақ осындай жаста,үлкендерге жасатуға боларма екен?! Бәріміз аман болайық,ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп,мына індеттен құтылып,мереке күндерде бас қосайық, достар!!" деп жазды Толқын ханым өз парақшасында.

Пікірлер бөлімінде көпшілік тезірек сауығып кетулерін тіледі.

14 сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жаңа штамдардың пайда болуымен коронавирустық инфекцияның қайталанған жағдайларының пайда болу қаупі жоғары екенін айтқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер