Ресейдің 3 триллион рубль тұратын мемлекеттік активтеріне қауіп төніп тұр

5170
Adyrna.kz Telegram
Ресейдің АҚШ-тағы 3 000 000 000 000 рубль тұратын мемлекеттік активтеріне дауыл соғып жатыр
Бұл қаржы Ресейдің федеральді резервіндегі 6 жыл бойы жинақталатын қаржымен тең келеді екен. АҚШ-тың қаржы министрлігі Ресейдің мемлекеттік активтерін бұғаттаудың жаңа бұйрықтарын шығарып, АҚШ-тағы қаржылық институттардың бәріне тапсырма беріп жатыр.
Осы рублдік облигациялардың басым бөлігі ресейлік ВТБ, Сбербанк, Газпромбанк, Россельхозбанк, ВЭБ банктеріне тиесілі. Егер де Ресей хакерлік шабуылдарын тоқтапаса, райынан қайтпаса, Ақ Үй әкімшілігі санкцияны тағы да күшейтеміз деп мәлімдеді. Ресей тарапы АҚШ-тан берілген бүгінгі жауапқа үнсіз отыр.
Вашингтон әлемдік нарыққа санкцияның әкеліп жатқан кері салдарын қазір бақылап отыр. Әсіресе Ресейдің рубліне байланған нарықтарды қармағына алуға дайын деп хабарлады, Bloomberg.
Байденнің командасы Кремльге халықаралық трансұлттық жемқорлықты жасағанын, АҚШ-та өткен сайлауға хакерлік шабуылдар жасағанын, демократиялық құндылықтарды таптағанын өз мойнына жауапкершілік етіп алып, жауап бермесе, бұл процестер жалғасын табады деп жауап қатты.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна"ұлттық порталы 
Пікірлер