Эксперт: АҚШ Украинаға қатысты үлкен жасырын жоспар жасап отыр

5106
Adyrna.kz Telegram
Вашингтон Донбасс пен Қырымға қатысты үлкен жоспар жасап отыр
Соғыс эксперті Владислав Шурыгин Вашингтонның Донбассқа қатысты жасырын жоспары жайында бөлісті. Оның ойынша АҚШ-тың Ресеймен табан астынан мәмілеге келіп, келіссөздерге шақыруының астарында үлкен жасырын жоспар жатыр дейді, vnnews.ru порталына берген сұқбатында соғыс эксперті.
Джо Байденнің Кремльге мұндай инициатива ұсына қалуының басты себебі - Донбасты  Ресейсіз-ақ тазарту және өзінің күштерін орналастыру. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Тони Блинкен мен Дмитрий Кулеба арасындағы кездесу кезінде де АҚШ тарапы Украинаға қатысты үлкен жоспарды айтпай, жасырын ұстап отыр. АҚШ Укрианаға көмек беруден бас тартпайды, Ресейге қарсы санкцияны да тоқтатпайды. Бірақ АҚШ Украинаны тікелей басқаруына алып, Ресейге қарсы "Ашық есік" алаңы ретінде ұстайды.
Жоспар бойынша Украина АҚШ-тың соғыс ережелері мен заңдарына бағынышты болады әрі АҚШ-тың соғыс техникалары мен базалары Украина территориясына толық орнығады.
АҚШ Украина территориясына аэродромдар мен ауыр соғыс техникаларына арналған стратегиялық орындарды да салады. Сол үшін де уақыт созу үшін АҚШ Ресейге қарсы жұмсарған кейіп танытып отыр дейді, аналитик.
Соғыс эксперті Владимир Шурыгин АҚШ Украина территориясында Ресейге кез келген уақытта қарсы блок қоя алады. Оған күші де, әлеуеті де жетеді. Бірақ Украина территориясына базалары орныққанша жұмсарған саясат ұстанып, уақыт созу үшін келіссөздерге келуге дайын деп отыр.
Дәл осы саяси процесске қатысты TopNews порталының хабарлауынша қазір Донбассқа үйіп-төгіп кіргізген Ресейдің ЗРК “Панцирь-С1” және “Тор” соғыс техникалары кері қарай қайтарылып жатыр екен.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер