АРМАН ӘЛМЕНБЕТ: Зеленский не істеуі керек еді?

3647
Adyrna.kz Telegram

Бұрын Ресейдің пропагандистері ғана айтатын сөздеріді соңғы күндері Трамптан бастап біраз адам айтып кетті. Осы жерде де сондай мәндегі қазақша мәтіндер кездесе бастаған соң, ойымды жазып қояйын дедім. Көпшілік солардың жазғанын оқи-оқи сеніп қалмасын.

Зеленский соғысқа кінәлі, Украина Ресеймен соғысам деп бекер қырылып қалды, Ресейді ешкім жеңе алмайды деген сияқты сөздерді айтатын адамға менің мынадай сұрақтарым бар:

Зеленский не істеуі керек еді?

Украина соғыспағанда не істеуі керек еді?

Ресей енді империя ретінде қайта күшейеді деп шын сенесіздер ме?

Бұндай тақырыптар қазір қорқынышты көріне бастағанын, болашақта тіпті қауіпті тақырып ретінде қабылдана бастайтынын білемін. Бірақ БАҚ пен әлеуметтік желідегі әңгімелерден де маңызды бір нәрсе бар, ол - біздің санамыз. Біздің миымыздағы, қазіргі коучтардың тілімен айтқандағы "установкалар". Жоғарыда айтылған нәрселерге сеніп қалсақ, біттік дей беріңіздер.

Зеленский бәрін дұрыс істеді. Конституциясына сай мемлекеттің территориясын қорғады. Енді не істеуі керек еді, қашып кетуі керек пе еді?

Ол сырттан кірген жаудан елін қорғады. Тылында жатқан батыс елдерін көндірді. Бүгін Украина шабуыл өтінде тұрса, ертең өздерің сондай жағдайда қаласыңдар, сондықтан бізге көмектесіңдер деді. Арпалысты. Соның нәтижесінде әлі күнге елі аман-есен тұр, әлемнің екінші әскері деп келген жауы қарға адым жері мұң болып, жүздеген адамының жанын қиып, алға жылжи алмай, титықтап тұр. Бұл - негізінде ерлік.

Украин халқынікі де дұрыс. Өз тағдырымызды өзіміз шешеміз деді, оған дейін өздеріне ұнамайтын шешім қабылдаған басшыларын төңкеріп те тастады. Өздері біледі ғой? Кімнің не ақысы бар? Өлсек те, орысқа көнбейміз, кеше ғана шыққан қорамызға қайта кірмейміз деді. Міне, әлі сол ниеттерінен қайтпай соғысып жатыр. Осыған дейін өлген адамдарын алып қалу үшін, қираған қалаларын сақтап қалу үшін көне берулеріне де болар еді. Бірақ олар үшін көзге көрінбейтін дүниелер маңыздырақ болып тұр ғой. Ерте ме, кеш пе, бұл соғыс бітеді, Украина сол кезде мықты ел болады, көресіздер. Қазір соғыс көрген балалар ертең мықты-мықты тұлға болады. Қазіргі қырылып жатқандар солар үшін өліп жатыр.

Виктор Шендеровичтің айтқаны бар. Ресей империясы 1917 жылдан бастап ыдырау үдерісінен өтіп жатыр дейді. Бір қирауы сол 1917 жылы, екінші рет қирауы 1991 жылы болды дейді. Рим империясының ыдырауы 300 жылға ұласқан, сол аралықта келген әрбір император империяны сақтап қала аламын деп ойлаған дейді. Мен осыған сенемін. Ресей империялық пиғылынан қайтып, есігін тарс жауып алып өзін-өзі емдеуге көшетін күн келеді.

Рас, дүниенің астан-кестені шығатын түрі бар. Бізде де көп өзгеріс болады-ау. Бірақ ішімізді бермеуіміз керек. Бұдан да өтеміз ғой.

Менің мемлекетті басқарып отырған адамдарға ешқандай жаулығым жоқ. Айналып келгенде олар үшін де пайдалы адаммын деп есептеймін өзімді. "Бетеге кетер бел қалар, бектер кетер, ел қалар". Сіздер бір күні кетесіздер, бар кездеріңізде мен сияқты адамдармен сыйласып қалыңыздар...

 

Арман Әлменбет

 

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер