Ораза айы оспақтары

3141
Adyrna.kz Telegram

Қожанасырдың ораза тұтуы

            Қожанасыр бұрын ораза тұтпаған екен. Келісімді ораза туар алдында әйелі бір күні: «Пайғамбар жасына келіп қалдың. Енді оразаға кіріс», - депті. Содан Қожанасыр оразаға кірісіпті. Қандай іске болса да, әрі шорқақтау, әрі аңқау Қожекең байқамай оразаның заңын бұза беріпті. Әйтеуір, әйелінің аңдып, бақылауымен үш-төрт күн ораза тұтыпты.

Жаздың ұзақ күніне аш жүру Қожекеңе оңай соқпай, үш-төрт күн тұтқан оразасы жанына батыпты. Бұл елдің батыс жағында биік тау бар екен. Күннің көзі таудан асып, көрінбей кетенін «күнбаттыға» саяды екен. Қожанасыр түс ауса болды, күннің көзі тауға жетіп жоғалатын кезін шыдамсыздана күтеді екен. Шыдамы кеткен Қожекең бір күні «ақыл таптым» деп қара үйін бұзып, есегіне арта бастайды. Әйелі аң-таң болып, «бұның не?» - деп Қожекеңнің бірдеңеге былыққанын көріп безек қағыпты. Қожанасыр:

– Үндеме, айла таптым. Күннің қысқа жеріне барып отырамыз. Ораза біткенше, - деп таудың нақ ойлы терең сайына барып қара үйін тігіпті. Бұл жерде күннің көзі түс ауса болды биік таудан асып көрінбей кетеді екен. Ал, Қожекең осыны аңдып тұрады, күн батты ауыз ашайық, - деп әйелінің қарсылығына қарамай аузын ашып, оразаны осылай ұстаған екен. 

***

Қожанасыр өмірінде тұңғыш рет ораза тұтып, аузын бекітпек болады. Ол таңертең молдамен бірге сәресі асын ішкен соң түске жуық қарны ашып, шөлдеп, шыдай алмайды. Ал ауыз ашу үшін күн батып, қараңғы түсу керек. Қожекең әпенді қас қарайғанша сусынсыз, тамақсыз шыдай алмасын білген соң үй ішін тас қараңғылап жауып, терезелерін бітеп, жалғыз өзі алдындағы асқа бас салады. Сонда күндіз ауыз ашып отырып Қожекең:

– Е, Құдай, іздегенің қараңғылық па еді! Міне, мен қараңғыда тамақ ішіп отырмын, - деген екен.

ҚОЖАНАСЫРДЫҢ ОРАЗА ҰСТАУЫ

Қожанасыр алма жеп тұрған еді, алма ағашының үстіне шығып сопы көріпті.

- Қожеке, мұныңыз қалай, оразаны жеп қойдыңыз ғой, - деді мысқылдап.

- Жоқ, сопеке, мен оразаны жегенім жоқ, -деді Қожанасыр.

- Жедіңіз, көзіммен көрдім ғой.

- Ораза өзі неше күн болады?

- Отыз күн.

- Бүгін қаншасы?

- Он бесі.

- Тағы да нешеуі қалды?

- Отыз.

- Әп, бәлем, олай болса, сопеке, есепті білмейді екенсіз. Отыз күн оразамен қоштасып, бүгін ғана аузыма бір алманы салып тұр едім, - деді Қожанасыр.

ОРАЗАНЫҢ НЕШЕ КҮНІ ӨТТІ?

Қожанасыр оразаның неше күні өткенін білу үшін әр күні оразаның өткен күніне атап, бір ыдысқа тас салып жүреді екен. Күндердің бірінде Қожанасырдың баласы көріп қалып, бір уыс

тасты тастап жіберіпті. Оразаның неше күні өткенін білу үшін халық жиналып келіп:

- Қожеке, бүгінге дейін оразаның неше күні өтті?—деп Қожанасыр ойланып:

- Азырақ сабыр етіңіздерші, аздан соң жауабын айтайын, - деп үйіне еніп кетеді де, әлгі күніне біреуден тастап жүрген ыдыстағы тасын санай бастайды. Тастың барлық саны алпыс үш болып шығады.

- Барлығын айтсам, сенбейсіңдер ғой, бүгінге дейін оразаның қырық бес күні болыпты, -дейді.

Оған халық:

- Оразаның өзі отыз-ақ күн болады ғой, қалай көбейіп Қожанасыр ашуланып:

- Тағы да түгел айтпадым ғой. Шынына келгенде, алпыс үш күн болыпты. Тағы қаншасы бары белгісіз, - деп ызаланыпты. 

Қожа есегіне ораза ұстауды үйретіп жүр!

Қожанасыр қыс ортасынды жем-шөпбі азайғанын естиді. Ол бір күні: “Есегімнің жемін біраз мөлшерде кемітсем қайтер екен?,” - деп оның арпасын біраз азын аулақ азайтады. Оған бола қамығар есегі жоқ, бұрынғысынша  тіп-тік  жүреді. Біраз уақыттан кейін есегінің жемін қос уыс тағы да кемітеді. Есегі бұрынғы қуатын сақтайды. Мұны көрген Қожанасыр оның арпасының жартысын азайтады. Байқұс жануар есек сонда біраз әлсізденеді. Бірақ Қожанасыр мұның жемнің азайғандығынан емес деп ойлайды. Ақырын-ақырын Қожанасырдың бұғанда көзі үйреніп, бұрынғысындай тың көрінеді. Арада бір ай өткен соң, арпаны жартысына дейін де толтырмай азайта-азайта бере бастайды. Есек әлсізденіп қалады. Соңғы кездерінде көбірек жата беруді шығарады. Ақырында сабан жеуден де қалады. Сол кезде Қожанасыр оған қос уыс арапа берген екен. Бір күні таңертең Қожанасыр ақырға келіп көрсе, байқұс есегі арам қатып қалыпты.

Қожанасыр мұны көріп:

- Қап, уай жануар-ай, ораза ұстауды жаңа үйретіп келе жатыр едім, араға мезгілсіз өлім кіріп кетті , - деп қиналыпты.

Ораза аштан өлтірер

- Апа, көшелік, - депті Қожанасыр.

- Қайда балам-ау?

- Күні қысқа жерге. Мына мидай далада күн ұзақ қой. Ораза аштан өлтірер.

- Ондай да жер бола ма екен, құлыным-ау.

- Болғанда ше? Мен кеше тауда болдым. Таудың арасында, өзен бойында бір жер бар. Ол жерде күн кеш шығып, ерете батады екен. Сенбесеңіз көшелікші, көрсетейін, - деген екен Қожекең.

Бісімілла десең де, демесең де...

Оразаның кезінде бір топ адамды ауызашарға шақырған молда бәрінің алдына бір табақ палау қойып:

– Бісімілла деп жеңіздер, тоясыздар,- дейді

Келесі жолы молдамен қосып әлгі адамдарды қонақ еткен шаруа бір құнан қойдың етін түгел асып, үлкен табақпен алып келеді де:

– Алыңыздар, енді бісімілла десеңіздер де, демесеңіздер де тоясыздар, - депті.

Ескiден бiр саңыраудың құлағына:

- Рамазан-Ораза айы тоғыз күн, - дептi.

Ол да:

- “ Отыз ба?”- деп сұрапты.

Кейiн өз-өзiне “ Отыз болсын” дептi және шындығында отыз болыпты. Демек мұсылмандардың тартқаны ол саңыраудан...

Оразам бұзылмай ма?

Бiр рамазан-орза күнi  мектепте бұзықтық жасаған оқушыға ұстазы:

- Тыныш отыр, болмаса таяқ жейсiң!- дептi.

Оқушы да:

– Ұстаз  әпендiм! Таяқ жейтiн болсам оразам бұзылмай ма? - дептi.

***

            Ақын Ұлықбек Есдәулет бір жылдары ел қатарлы ораза ұстап жүргенде іссапармен Семейге баруға мәжбүр болады.

Семей жақта ақынды от ауыз, орақ тілді аға-досы, әйгілі әнші Құсмілия Нұрқасым қарсы алып, ел танытып, жер көрсетіп дегендей, бірнеше күн қасында бірге еріп жүреді.

« Ұлықбек келді» дегенді естіп, ақынды Шәкәрім атындағы Семей университеті қонаққа шақырады. Студенттермен кездесу кезінде бір жас қыз:

- Ағай, қазір қасиетті Рамазан айы ғой, сіз ораза ұстадыңыз ба? – деп сұрақ қойыпты.

Сонда Ұлықбек:

- Оразаны ұстап жүр ем «Бісімілла » деп,

Бәрін де бұзып кетті Құсмілия кеп, - деп жауап берген екен.

 

Жинаған  Мақсұтхан  Аманжанұлы  

 

 

 

Пікірлер