Алматыда локдаун енгізіле ме?

2378
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың жабылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеме жасап.

"Әрине, қазіргі ахуал күрделі. Бірақ қыстан бері жасаған дайындығымыз қазіргі жағдайдан өтуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде 7 011 төсек-орын бар. Бос төсек-орын саны 44,9 пайыз (2 520 орын). Жансақтау бөліміндегі төсек-орындардың 62 пайызы бос. Сондықтан жағдай Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының бақылауында, мәселе күнделікті бақылауда. Алаңдататын проблема жоқ. Себебі бәрі ауруханаға дер кезінде жатқызылып жатыр. Олардың саны 250-270 шамасында, 500-ге жеткен жоқ. Сондықтан қазіргі таңда локдаун, қаланы жабу деген әңгіме жоқ", - деді Бекшин Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Айта кетейік, Алматы бірнеше күннен бері COVID-19 жұқтырған науқастар саны бойынша бірінші орында тұр. Қаланың науқастар саны бойынша бірінші орында тұрғанына бірнеше күн болды: 4 сәуірде - 572 жағдай, 3 сәуірде - 647, 2 сәуірде - 647, 1 сәуірде - 595, 31 наурызда - 515, 30 наурызда - 526, 29 наурызда - 545.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер