Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаңа стандарттары енгізілуде

7962
Adyrna.kz Telegram

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін 2023 жылы МСАК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) жаңа бірыңғай стандарт енгізу басталды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Жаңа стандарттар бойынша Әуезов және Жетісу аудандарында 2 МСАК орталығы және 1 жаңа емхана ашылды. Тағы 4 МСАК орталығының құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ 11 МСАК орталығы мен емханалардың құрылысына ЖСҚ әзірленуде.
4 жаңа стационар салуға, 5 қолданыстағы аурухана мен 5 жедел медициналық көмек қосалқы станциясын жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу басталды.

Кадрлық әлеуетті арттыру үшін республиканың ғылыми орталықтарының базасында, Германия, Израиль, Түркия клиникаларында 3 340 дәрігер қайта даярлаудан өтті. Резиденттер үшін 136 грант, орта медициналық персонал үшін 1 116 грант бөлінді.

Жалпы, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2023 жылғы 36,5 млрд. теңгеден 2024 жылы 41,0 млрд. теңгеге дейін 12,3% - ға ұлғаяды.

Алматыда МСАК бірыңғай стандарты қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленді. Ол медициналық көмек көрсету регламенттеріне, жобалық-технологиялық шешімдерге, цифрландыруға және емханалардың менеджментіне 4 негізгі критерий бойынша түбегейлі өзгерістер енгізуді көздейді, олар: қолжетімділік, сапа, технологиялылық және жайлылық.

Пікірлер