Ресей футболшылары тізе бүгіп, кешірім сұрауы тиіс

3781
Adyrna.kz Telegram

"Ресей және Германия футболшылары ойын алдында поляктардан тізерлеп тұрып кешірім сұрауы тиіс" деген ой айтты поляк публицисті Пётр Лисевич.

Бұл туралы ойын ол әлеуметтік желідегі қызу пікірталас барысында білдірген. Польша мен Англия құрамаларының кездесуінде поляк футболшылары тізерлеуден бас тартып, ағылшын футболшылары қара нәсілділерге құрмет ретінде тізе бүккен еді. Бұл әрекеттері әлеуметтік желіде пікірталас тудырды. Бір топ "тізе бүгіп, Батыспен бірге екенімізді көрсету керек еді" десе, енді бір топ ол әрекетті қате санады.

"Әрине біз Батыс мәдениетінің бөлшегіміз. Бірақ біз қара нәсілділерді қудалаған емеспіз, оның үстіне біз Шығыстың да, Батыстың да қанды режимдерінен қудалау көрдік.  Әлемдік ойын алаңдарында осындай сәнге айналған екен, ендеше ресейлік және неміс футболшылары тізе бүгіп, кешірім сұрасын.  Түрлі елдер ағылшындардың отары болған сәтте, поляктар орыстар немесе немістердің бодандығында болды.  Бұл дегеніміз тек қана қырғын мен депортация емес, сонымен қатар қасақана жасалған орыстандыру мен неміс мәдениетін енгізу, поляк ұлтының бірегейлігін жою, тілді құрту деген сөз. Яғни расизмге ұқсас.  Артынша 20-ғасырда геноцид басталды. Лагерьлер, поляк зиялыларын қыру мен күштеп жою. Мануэль Нойер мен Александр Головин тізе бүгіп, кешірім сұраса жөн болар еді", — деп жазды Пётр Лисевич Niepodległości порталына.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

.

 

Пікірлер