103 желісіндегі білікті маман

4916
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде жедел жәрдем орталығындағы мамандар тынымсыз еңбек етуде. Әсіресе пандемия тұсында 103 желісіндегі мамандарға үлкен салмақ түсті. Өз бастарын қауіпке тіге отыра науқастарға жедел жәрдем көрсетуге асықты.

Жедел жәрдем – бұл науқас адаммен ең бірінші болып бетпе-бет кездесу, алғашқы шұғыл көмек көрсету. Ең алғаш науқас адам жедел жәрдемге қоңырау шалады. Науқастың жағдайын анықтап, диагноз қоятын да солар. Сол диагнозбен ауруханаға жеткізгенге дейін көмек көрсету міндеті болып табылады.

Осындай қиындығы басым қызмет саласында Жолдасбек Тоғанаев он жылдан аса уақыт жұмыс жасап келе жатыр. Сол уақыт аралығында ауыр жағдайдағы науқастарға сәтті реанимация жасап, ажалдан арашалап қалған абзал жандардың бірі. Білікті маман биылдың өзінде екі тұрғында сәтті реанимация жасап, аман қалуына себепкер болды.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің бойында батылдық пен жанашырлық болу керек деп есептейді жас маман.

«Жұмысымды қатты жақсы көремін. Адамдарға көмектескенді ұнатамын. Науқастардың жеңілдеп, жағдайлары жақсарған кездегі бейнелерін көрсек біз үшін сол қуаныш. Үлкен кісілер баталарын беріп те жатады. Бұл оңай кәсіп емес, әрине. Кейде қысылтаяң жағдайларға тап боласың, ондайда тез ойлап, жылдам шешім қабылдау керек, - дейді дәрігер.

Жолдасбекті әріптестері кәсіби маман деп ерекше құрмет тұтады. Себебі жедел жәрдем қажет ететін науқастарға шұғыл көмек көрсетуде өзінің кәсібилігін танытып келеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер