Алматыда 70 адамдық қыз ұзату тойы тоқтатылды

3270
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы мониторинг тобы 70 қонақтық қыз ұзату тойын тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі баяндаған еді.

«Мониторингтік топтар анықтаған іс-шаралар, үйлену тойлары, отбасылық және басқа да көптеген адамдар қатысатын мерекелік іс-шаралар еді. Мысалы, Әуезов ауданында 26 наурызда сағат 20.00-де "Достар Сарайы" мейрамханасында қыз ұзату тойы тоқтатылды. Ақсай-4, 15А мекен-жайы бойынша болып жатқан тойда, 70-тен астам адам болды. Тиісті шаралар қабылданды », - делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, 21-26 наурыз аралығында инспекторлар 98 тексеріс айналымын жасап өтіп, 1911 нысанды анықтап, оның 300-і белгіленген тәртіпті бұзғанын анықтады. 26-27 наурыз аралығында түнгі тексеріс кезінде 17 тәртіп бұзушылық анықталды. 300 кәсіпкерлік субъектісіне 230 АЕК - 875 мың теңге айыппұл салынады. Карантиндік шараларды бұзғаны үшін тағы 700 адамға айыппұл салынады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров инфекцияның 42 пайызы қоғамдық орындарда орын алатынын айтты. Бұл СОСО, қоғамдық тамақтану және басқалары.

Алматы эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан «қызыл» аймақта қалуды жалғастыруда. Өткен тәулікте қалада коронавирустық инфекцияға оң нәтижелі ПЦР-мен ауыратын 450 науқас анықталды. 65 жастан асқан және созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға әлі де қауіп төніп тұр. Оларға мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға кеңес беріледі.

Сонымен қатар, инфекцияның таралуы 20-29 жастағы адамдар санаты арасында тіркелді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, мемлекеттік мекемелерден басқа жеке секторда да адамдар санының көбеюі байқалады. Инфекцияның тіркелуі отбасылық іс-шараларда, үйлену тойларында, жерлеу рәсімдері мен мерекелік кештерінде жалғасуда.

Меруерт ЖАҚСЫЛЫҚОВА,
КазҰУ-дың журналистика факультетінің
4-курс студенті

Пікірлер