Алматылықтарға сауда ойын-сауық орталықтары мен базарларда вакцина салынбақ

2307

Алматыда сауда ойын-сауық орталықтары мен базарларда вакцинациялау жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Лаура Мырзағалидің айтуынша, қазір Алматыда емханаларда 35 вакцинациялау бөлмесі бар. Жақында тағы 15 пункт ашылады деп жоспарлануда.

«Бәлкім келешекте бұл пункттер жеке клиникаларда өз жұмысын бастауы мүмкін. Біз халықты сауда үйлерінде, базарларда вакцинациялау мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді ол.

Сондай-ақ, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, жазға дейін Алматыға 197 мыңнан астам вакцина жеткізіледі деп күтілуде деді.

«Біз сәуір айында 65200 дозаны, мамырда да 65200 дозаны және маусымда 67000 вакцина дозасын күтеміз. Келесі кезекте ревакцинация жасалады және бұл сандар да дәл осындай болады», - деді Лаура Мырзағали.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket