Бірнеше қаланың тас жолдары тарс жабылмақ

517

Қазақстанда екі облыста ауа-райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды, тағы бір өңірде жол қозғалысына шектеу енгізіліп отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Порталда жолдардағы жағдайға байланысты ақпарат жарияланып отырады. Оған сәйкес, қазіргі кезде "Нұр-Сұлтан - Теміртау", "Нұр-Сұлтан - Шідерті" тасжолдары, сондай-ақ, "Степной-Шідерті" жол учаскесі жабық тұр.

Ал Павлодар облысында ауа-райының қолайсыздығына "Павлодар-Северное" (ары қарай Ресей шекарасына дейін)" тасжолы толығымен жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында Жыланды ауылынан бастап Павлодар облысындағы Аққулы ауылына дейінгі жол учаскесі жабық. Ал Семей қаласынан Ресей шекарасына дейінгі тасжолда дизельді және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу енгізіліп отыр. Бұдан бөлек, "Өскемен-Серебрянск" бағытында тіркемесі бар жүк көліктерге әзірше жүруге болмайды.

Айта кетейік, кеше жолдардың жабылуына қатысты толық ақпаратты мына жерден көруге болады. Сондай-ақ компанияның байланыс орталығына (1403) хабарласып, қажетті мәлімет алуға мүмкіндік бар.

Пікірлер
Редакция таңдауы