Бауыржан Омарұлы: Хош, жаны жайсаң жақсы аға!

2009
Adyrna.kz Telegram

Бауыржан Омарұлы белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебаевтың қазасына қайғырып, өз facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Жас Алаш» жүзге толған күні басылымның бұрынғы сарбазы Дүрәлі Дүйсебаев өмірден озды... Қайран Дүрағаң... «Лениншіл жаста» бірге жұмыс істедік. Алматыда бір үйде, бір подъезде ұзақ жыл көрші тұрдық.

Әйгілі Бағдат көкемізбен редакцияның секретариатында әңгімелесіп отырған мына суретін жуырда ғана тауып алып, желіге жүктегенімізге қатты қуанып еді. Алланың бұйрығы осылай болыпты... Жас кезінде спорт журналистикасында жасын ойнатты. Кейінгі кезде болашақ журналистердің бапкері болды.

Сақшылардың сапында да, жақсылардың жанында да абыройлы жүрді. Ұлт баспасөзінің сарбазынан сардарына дейінгі жолдан өтті.

Хош, жаны жайсаң жақсы аға! Жеңешемізге және кішкене күнінен ортақ ауламызда ойнап өскен қыздарымыз Назерке, Балауса, Іңкәрға көңіл айтамыз.

Пікірлер