Ұлттық Банк Елбасы бейнеленген монета шығарды

2861
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Ұлттық Банкі құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарын шығарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

«Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған»,-делінген хабарламада.

Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан Ұлттық Банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер