Ресей Куриль аралдарында Жапонияға қарсы әскери жаттығуды бастап кетті

4384
 
Ресейдің әскери әуе-қорғаныс күштері Куриль аралдарында Жапонияға қарсы әскери жаттығуларға кірісті. Мұны Жапонияның бұқаралық ақпараттық құралдары таратты. Ресей қорғаныс күштері тарапы бұл процесті Жапонияға алдын ала ескертуіміз деп ашық мәлімдеп отыр.
 Жапония тарапы бұл проецсс Ресейдің аралдардағы елдерге қарсы агрессиясы немесе Мәскеудің Токиоға қарсы алдағы уақытта ашатын соғысы деп қабылдауда.
Жапонияның кейбір бұқаралық ақпараттық құралдары Ресей тарапынан Хоккайдо аралына да қауіп төнуі мүмкін деген ақпараттар таратты. Соған байланысты Жапония қарулы күштері де Куриль аралдарына өздерінің әскери базаларын жақындатып, маневрді бастады.
2020 жылы Жапонияның оппозициялық партиясының төрағасы Кадзуо Сии Ресей мен Жапонияны Куриль аралдары мәселесі бойынша келіссөзге келуге шақырған болатын. Онда Куриль аралдары тұтасымен Жапонияға қатысты, біз Ресейдің Куриль аралдарына байланысты суверенитетін мойындамаймыз деген.
Ресейдің айқаспаған елі қалмады. Осы мәселенің ақыры қалай аяқталатыны белгісіз. Соңын күттейік.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
 
Пікірлер
Редакция таңдауы