Әкесі мен баласы өртеніп кетті

2064

Семей қаласында жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 наурызда сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен 2 газ балланын алып шықты.

«Жалын шарпыған жалпы аумақ 180 шаршы метрді құрады. Барлау жүргізу барысында бөлмеден 1946 жылғы үй иесі мен оның 1976 жылғы ұлының денесі табылды»,– делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отпен абайсыз әрекет ету, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау немесе электр жабдықтарының апаттық режимде жұмыс істеуі себеп болуы мүмкін.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы