Биыл соңғы қоңырау қай күні соғылатыны белгілі болды

887
Adyrna.kz Telegram
Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz

Биылғы оқу жылының соңғы қоңырауы 23 немесе 24 мамыр күні соғылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы. 

«Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі», – делінген баспасөз хабарламасында.

Барлық мектептер үшін соңғы оқу күні ретінде 23 мамыр бекітілген. Бұл күні ел мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Ашық сабақ барысында оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.

«Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған», – деп хабарлайды министрлік.

Министрлік мәліметінше, 34 аптаға созылатын оқу жылын бүкіл ел бойынша биыл 3,9 млн астам оқушы аяқтайды. Ал мектепті аяқтайтын түлек саны 217 мың.

Осы орайда министрлік мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға, ақша жинауға, автокөлікпен шеруге шығуға және басқа да мерекелеу шараларын ұйымдастыруға жол берілмейтінін ескертеді.

Пікірлер