Жапонияның даму жолы

4065
Adyrna.kz Telegram
Жапонияда ЖІӨ жан басына 1946-ыншы жыл 17 доллар. 1950-де 132 доллар. 1960-та 479 доллар. Сол жылы Түркияда ЖІӨ 509 доллар болған. Түркияда Tofas деген машина шығаратын завод Кореяның Hyundai деген заводынан көп өнім шығаратын. Кедей Жапонияның қалай әлемдегі үшінші мықты елге айналғанын жазайық.
Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп шыққан Жапонияны Америка не КСРО-ның біреуі иемдену керек еді. Америка алдымен бомбалады. Артынан құшағына алды. Ең бірінші конституциясын жазып берді. Содан Жапонияның өзі қаржы саласын зерттеді. Инвесторларға назар аударды. Импорт жасағанда дайын заттар емес станок сатып алды. Үйлерін қарапайым жасап завод фабрикаларын үлкейтуге тырысты. Ақшаларын құрылысқа емес заводтарға жұмсады. 1950-дегі Корея соғысынан өздеріне қажет нәрсе ала алды. 4 нәрсеге назар аударады. Үнемі даму, мүмкіндігінше аз қате, сапа, процесті басқару. Жапония тауары деген сөздің артында имидж қалыптастыру. Жұмысшыларды үнемі дамытты. Басшылыққа шын мықтыларды тағайындады.
Брат, блат, сват деген әңгімелер болмады. Кез келген өндіріс орынның мақсаты кешегіден де жақсы болу еді. Жұмысшылардың іс орындарын жақсы көрулерін ынталандырды. Жұмыс уақыты, демалыс уақыты, тамақ сапасы дегендей. Жоғары басшылық кез келген жиналысқа қатысады деді яғни жұмысшылар мен басшылар арасында тікелей байланыс орнатты. 1945-те құрған планмен әлі келе жатыр.  Әр басшысы не министрі шығып реформа жасай бермеді.
Жапония импорт азық түліктерін азайтты. Сырттан келетін заттарды қолдануды азайтты. Қазіргі уақытта да айфонды әлемдегі ең аз қолданатын елдердің бірі. Банктердің сәтсіз кредит берулерін азайтты. Логистиканы дамытты. Әлемге ашылды. 10-20 жыл алдыңғы пландармен сауда және өндіріс министрлігі керемет жұмыс істеді. Адамдардың айлықтарын көтерді. Ол айлық Жапония үшін аз болса да ең аз айлық алатын жапон басқа елге саяхатқа шықса бай болып есептеледі. Жапонияға не қажет деп қарамады.
Әлем неге мұқтаж біз не бере аламыз деп үлкен масштабта түсінді. Білімге назар аударды. 1945-те төбесінен атом бомбасы құлап жатса да сабақтарын оқуды жалғастырыпты дейді.
Сәбит РЫСБАЕВ, 
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер