Тоғыз сәбиді сатқан: Әйелдерге тәртіп сақшылары көмектескен

3877
Adyrna.kz Telegram

Ресейде бала саудасымен айналысқан қазақстандық әйел ұсталды. Оның нәресте үшін 13 мың доллар алғанын Краснояр өлкесінің тергеу бөлімі хабарлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Тергеу барысында әйелдің босану үшін Красноярскіге келгені анықталды. Қалада оған пәтер жалдап, медициналық көмек көрсетілген. Ол жаңа туған нәрестесін бірден алаяқтарға тапсырған. 2020 жылғы сәуірде әйел ұлын босанып, кейін баласына туу туралы куәлік алып, күдіктілерге сенімхат жазып берген. Осылайша Қазақстан азаматы іс жүзінде жаңа туған баласын сатып жіберген. Кейін ол Қазақстанға келіп, баланы бергені үшін 13 мың доллар мөлшерінде ақша алған», – деп хабарлады Краснояр өлкесі және Хакасия Республикасы бойынша Ресей Мемлекеттік тергеу комитеті өкілдері.

Іс бойынша үш күдікті анықталды. Тергеушілер мәліметіне сүйенсек, баланы сатуға тәртіп сақшысы көмектескен. 33 жастағы ер адам ақша үшін бала көтеруге дайын әйелдерді тауып, кейін балаларын шетелдіктерге сатқан. Осылайша тоғыз сәбиді сатып үлгерген. Олардың бәрі қазір Сәбилер үйінде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер