«Жамбыл - қазақ-қырғызға ортақ ақын»

804

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында  «Жамбыл - қазақ-қырғызға ортақ ақын»  атты алқалы жиын өткізді.

Түркі тілдес елдер тәуелсіздігінің 30 жылдығына және көрнекті жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған алқалы басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Нұржігіт Қадырбеков, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, «Манас» және Шыңғыс Айтматов ұлттық академиясының президент Топчубек Тургуналиев, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры Абдылдажан Акматалиев,  Қырғыз Республикасы Ұлттық Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Қалыбеков, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстанның белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, танымал түркітанушы ғалымдар, Түркі елдері Ұлттық ғылым академияларының жетекшілері мен дипломатиялық миссия басшылары қатысты.

Аталған шара аясында қазақша-қырғызша кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Сонымен қатар, алқалы жиында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Абай Құнанбайұлы өлеңдері мен қарасөздерінің қырғызша аударылуына елеулі үлес қосқан Керимбек Кадыракунов пен Туголбай Казаковты Түркі академиясының Күміс медалімен, көрнекті ғалым Абдылдажан Акматалиевті академияның Алтын медалімен және белгілі фольклортанушы Сулайман Кайыповты Томсен медалімен марапаттады.

Сондай-ақ, шара аясында Халықаралық Түркі академиясы мен «Манас» және Шыңғыс Айтматов ұлттық академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Ұйымдастырушы:

Халықаралық Түркі академиясы,

байланыс телефоны 57-49-83

Пікірлер
Редакция таңдауы