Балаңызды бақылауда ұстайсыз

954

Қазақстанда балалардың қайда кеткенін бақылап отыруға болатын жаңа жүйе әзірленбекші. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Біз осы жылы іске асырылатын пилоттық жобалар жайлы айтқым келеді. Бұл балалардың қауіпсіздігіне арналған "Мені тап" бағдарламасы болмақ. Аталмыш жүйе арқылы балалардың қайда екенін бақылауға болады", - дейді Ораз.

Сөзінше, бұл бағдарлама Bluetooth желісі арқылы жұмыс істейді екен.

"Мобильді қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерлерді оқушының киіміне немесе сөмкесіне жапсырып қоюға болады. Егер бала жоғалып кетсе, ата-аналар мобильді қосымша арқылы трекерді іздей бастайды", - деп қосты министрлік өкілі.

Бұға қоса, ол бағдарламаның жедел басқару орталығымен байланыста болатынын және баланың жоғалғаны туралы хабар дереу полицияға жолданатынын атап өтті.

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар