Алдағы күндері Астанаға әуе оқиғасын тергеу жөніндегі комиссия мүшелері келіп, Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың Бразилияда талданған қара жәшігінің деректерін ұсынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Комиссия мүшелері келгеннен кейін қара жәшіктердің деректерін зерделеуге дереу кіріседі», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Бразилияда AZAL әуе компаниясының Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшағының қара жәшіктері деректерін талдау жұмыстары аяқталғанын хабарладық.