Ғалымның (h-index) h-индексі

2938
Adyrna.kz Telegram
h-индекс - бұл ғалымның, сондай-ақ оның ғылыми жарияланымдарының қаншалықты салмақты екендігін, сілтеме жасау барысында автордың ғылыми деңгейін көрсететін дүниежүзілік ғылыми көрсеткіштердің бірі.
h-индексі көрсеткіштерін қалыптастыру ғылыми жарияланымдардың өзектілігін көрсетеді. Сонымен бірге әлемнің жетекші университеттерінің степендиясын алуда, ғылыми тағылымдамаларынан өтуде h-индексінің маңызы зор. Бұл көрсеткіш басқа елдердегі университеттерге барып дәріс оқу барысында да есепке алынады. Мұны кейде Хирш индексі немесе Хирш Саны деп те атайды.
Ғалымның h-индексі қалай анықталады?
h-индексі қалай пайда болады?
Ғалымның h-индексі жарияланған ғылыми жарияланымдарына, оның басқа басылымдарда келтірілген сілтемелері мен дәйексөздерінің санына қарай анықталады. Бұл жерде бірнеше факторға мән беруіміз керек.
А жағдайында: ғалымның жарияланған ғылыми мақаласының мазмұны;
В жағдайында: ғалымның танымалдылығы, бір сөзбен айтқанда, аты-жөні;
С жағдайында: жарияланған басылымның беделі;
Д жағдайында: басылымды шығаратын университет, ғылыми орталықтың беделі.
Қысқаша талдап өтсек.
А жағдайы басым роль атқарады. Ғылыми мақалаңыздың мазмұны қонымды, талаптарға сай, зерттеу әдістері анықталған, қатесіз, әрі белгілі бір саланың өзекті тұстарын талдай отырып, жазылған болса, бұл басқалардың көп сілтеме жасауына жол ашады.
В жағдайы: ғалым өз саласында белгілі бір жаңалық ашқан болса, оның еңбектерін мысалға алуға көбі тырысатыны сөзсіз.
С жағдайы: әлемдік ғылыми басылымдар қаншалықты көп болса да, әрбір салада алдыңғы орынға шыққан санаулы басылымдар бар. Бұл басылымдар зерттеу әдістері айқын, әрі теорияға сай еңбектерді жариялайды.Мұндай ғылыми журналдың атауы аталғанда-ақ, онда жарияланған мақала мазмұны салмақты екендігіне күмәніміз болмайды.
Д жағдайын бәріміз жақсы түсінеміз. Мысалы, Кембридж университеті басылымдары десек, ғылыми рейтингісі жоғары екендігі белгілі.
Демек, бүгінгі күні А және С жағдайлары, әсіресе гуманитарлық ғылымдар мамандары үшін тиімді.
h-индексі қалай пайда болады?
Ғалымның жарияланымына қаншалықты жиі сілтеме жасалса, h-индексі пайда бола бастайды.
Бұл жерде ескеретін бір жағдай бар, егер сіздің жарияланымыңыз мысалы, social science / education немесе art and humanities басылымының біреуінде жарияланды делік. Ал сілтеме engineering журналындағы бір мақалаға жасалуға болмайды. H индексі бір салада жұмыс істейтін ғалымдарды салыстыруда, ғылыми деңгейін анықтауға көп көмектеседі. Сілтеме жасау әр салада әр түрлі.
Бір ғалымның 3 мақаласы бар делік. Бірінші мақаласына 11, екінші мақаласына 9, үшінші мақаласына 5 сілтеме немесе дәйексөз жасалса, онда ол ғалымның h-индексі 2-ге тең болады. Сол себепті ғалымның қанша мақаласы болса, h-индексі де соншалықты болады деген ұғым болмауы керек.
Мысалы, бір мақалаңызға 10 рет дәйексөз келтірілсе, онда сіздің h-индексіңіз 1-ге тең болады. Егер 10 мақалаңыз болып, әрқайсысына 1 –ден дәйексөз немесе сілтеме келтірілсе, онда да h-индексіңіз 1-ге тең. Бұл туралы толығырақ алдағы уақытта семинарымызда айтатын боламыз.
Ең бастысы, ғылыми жарияланымдарыңыздың мазмұны өзекті мәселелерді қамтыса, сіздің мақалаңызға сол саланың білікті маманы сілтеме келтірмеуі мүмкін емес.
Арай ЖҮНДІБАЕВА,
философия (PhD) докторы,
лингвист, әдебиет зерттеушісі
Пікірлер