Илон Маск миға чип орнату тәжірибесіне жаңа қатысушы іздейді

1805
Adyrna.kz Telegram

Миллиардер Илон Маск негізін қалаған Neuralink компаниясы ми чипін орнатуға жаңа қатысушы іздейді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде хабарлама жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаоат бойынша, экспериментке қатысуға қолы мен аяғы сал болып, қалыпты қозғалыс қызметін жоғалтқан адам шақырылады. Кәсіпкердің өзі де экспериментке екінші ерікті іздейтінін хабарлады.

"Біздің "Телепатия" кибернетикалық ми имплантымыз телефон мен компьютерді ойларыңыздың күшімен басқаруға мүмкіндік береді", – деп жазды кәсіпкер X әлеуметтік желісінде.

Айта кетсек, Neuralink 2016 жылдан бері жұмыс істейді және 2019 жылы Bluetooth арқылы ми сигналдарын жіберуге қабілетті құрылғысын таныстырды. 2021 жылы ғалымдар чипті жануарға орнатып көру сынағын сәтті аяқтады.

2023 жылдың қыркүйегінде компания имплантты сынау үшін экспериментке қатысушылар тарта бастады. Neuralink чиптің қауіпсіздігін және құрылғыны орнату үшін қолданылатын хирургиялық робот жұмысын сынап көргісі келді. Имплант 29 жастағы сал ауруына шалдыққан Ноланд Арбоға қондырылды. Жас жігіт чиптің көмегімен әкесімен ойын ойнап, Х желісінде жеке блогын ашты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер