"Сен кемпірқосақты ешқашан көре алмайсың..."

4463
Adyrna.kz Telegram
medium.com
medium.com

"СЕН КЕМПІРҚОСАҚТЫ ЕШҚАШАН КӨРЕ АЛМАЙСЫҢ, ЕГЕР ТӨМЕН ҚАРАП ЖҮРЕР БОЛСАҢ..."
Веведегі әйгілі Чарльз Чаплин музейінің кіре берісінде айқындап жазылған осы сөзге бірден көзім түскен еді...
Жалпы Ч.Чаплин туралы естеліктер де, оқиғалар да көп тарихта қалған. Тума таланттың нақ өзі. Тектен дарыған. Ата-анасы да мәдениет пен өнердің бел ортасында жүрген... Иә, жүрген... Тек кейін Чарльз Чаплин қиындықты көп көрді. Бауыры екеуі.
Бұл таланттың танымал болуы жолындағы кедергілердің бірі еді.

Үнсіз, сюжеті терең, адал һәм қуақы, зиялы, бірақ қутыкеш, ең бастысы, ешкімге зияны жоқ, жақсылыққа ғана құштар қайыршы кейіпкердің ролінен ол бір сәтте де ажырамады, алыстамады. Кейін дыбысты кинолар түсіріле бастағанда да, ол жаңа үдеріске қосылып, қайыршының "даусын шығармады". Ол өз ісіне адал болып қалды. Таяғы мен шляпасы Чаплиннің имиджін ғана емес, көрермендер санасына сол өзі өмір сүрген ортаны жеткізді. Әуен мен қимылды сөйлете отырып, көрерменге жол тапты.

Веведегі Чаплин музейіне әлемнің түкпір-түкпірінен халық толассыз ағылады. Себебі, ғасыр өтсе де, халық көңілі саф талантты таниды, ұмытпайды.
Мен де ЧАПЛИНДІ іздеп бардым. Тұтынған бұйымдарымен, тұрған мекенімен, тарихымен, өмірімен, талантымен жақын таныстым. Әйтсе де, оңды-солды суретке түсіп, кассадан өткенде қолыма ұстатқан "Чаплин" шоколадын жеу емес еді мақсатым... Мені оның өз өнеріне деген адалдығы, сүйіспеншілігі тәнті етті.
Осы жолы да үнемі іздеп жүретін "музей мәдениетіне" зер салдым. Кіргеннен бастап, шыққанға дейін әр қырынан қарап, барынша суретке түсірдім, қойын дәптеріме жазып алдым. Соңында ғой, үйінің тоғай жаққа алып баратын есігінің алдында демімді алып, ойланып отырғаным.

Өз кәсібіне адалдық пен тынымсыз еңбек Чаплиннің әлемді өзгертуіне, өзін өзгертуіне мүмкіндік әкелді.
Чаплин әлеміне табынушылар қандай технологиялар ғасыры келсе де, толастамайды-ау, сірә...), себебі ол әлемді өзгертуге үлес қосты ғой. Оның әлемін өзгерту қиын болар...

Арай ЖҮНДІБАЕВА,
философия (PhD) докторы,
лингвист, әдебиет зерттеушісі
Пікірлер