Сырғанақ тебуге шақырады

2858
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының Алатау ауданында осы аптада жаппай сырғанау маусымы ашылады. Нақты айтсақ, 6 қарашада AlmatyArena жаппай сырғанау маусымын ашады. Көркі көз тартар қазіргі заманғы мұз сарайы Алматының жаңа дамып келе жатқан Алатау ауданында, Б. Момышұлы көшесінің батысы мен Рысқұлов даңғылының солтүстік тұсында орналасқан. Қалалықтар мен Алматы қаласының тұрғындары енді жаңа Мұз сарайында сырғанақ тебе алатын болады.

Айта кетейік, AlmatyArena халықаралық нормалар, оның ішінде, Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (ІІHF) мен Құрлықтық хоккей лигасы (KHL) талаптарына сай салынған. Сарайды тұрғызу кезінде қазіргі заманғы құрылыс материалдары мен технологиялары қолданылған. Мұзды арена адам көп жиналатын орын болатындықтан қауіпсіздік жүйесіне, оның ішінде сейсмологиялық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінген.

– Сырттағы ауа райына байланысты біз мұз айдынының температурасын павильондағы қолайлы +18 градусқа дейін реттеп отыра аламыз, – деп атап өтті Универсиада 2017-ге қарсы салынған Almaty Arena, Halyk Arena және Атлеттер қалашығының басқарушы ком­паниясы Алматы қаласының Спорт құрылыстары дирекциясының директоры Сергей Апенко.

Естеріңізге сала кетейік, жаппай сырғанау AlmatyArena, HalykArena сахналары мен алаңдарында концерттерді немесе спорттың басқа түрлерінен жарыстар өткізілуіне бөгет болмайды. Мұз кешендерінің әрқайсысы екі айдыннан қамтиды – негізгі (тиісінше 12 000 және 3 000 көрермендік спорттық-концерттік іс-шаралар үшін) және жалпы сырғанау (спортшылардың жаттығуы үшін және жапай сырғанау үшін).

arena-ishi

Алматы қаласының Спорт құрылыстары дирекциясы хабарлағандай, Almaty Arena жалпы сырғанау айдынына жалға алған хоккейлік немесе мәнерлік конькилерді ғана емес, өздеріңіздікімен де келуге болады. Әрбір сеанс аяқталғаннан кейін мұз тазаланып отырады. Екі сағаттық сырғанаудың құны балалар үшін 300-ден 500 теңгеге дейін құрайды, ересектерге – 500-ден 1 000 теңгеге дейін. Тегін кіру 7 жасқа дейінгі балаларға, І-ІІ топ мүгедектерге, көп балалы отбасыларының балаларына және жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне қарастырылған. Оқушылар, студент­тер, зейнеткерлер және ІІІ топ мүгедектері жеңілдікпен сыр­ғанақ тебе алады. Жаппай сырғанау сенбі және жек­сенбі күндері сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін ашық болады.

431924

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында 28-Қысқы студенттік ойындар Универсиада-2017 қарсаңында екі заманауи көпфункционалды Almaty Arena және Halyk Arena мұз айдындары салынып, пайдалануға берілген. Ең ірі спорттық құрылыс Almaty Arena, оның сыйымдылығы – 12 000 көрермен. Алматылықтар мен қала қонақтарына Almaty Arena  мұз айдыны Алматы қаласының мың жылдығына арналған ғаламат шоу, MuzZone телеар­насының музыкалық сыйақы концертімен және таяуда ғана өткен айтулы бокс жекпе-жегі – Қанат Ислам мен Патрик Аллопей арасындағы ұрыс арқылы таныла бастады.

kanatislam

zhanibek

 

Халықаралық жарыстардан кейін AlmatyArena спорт мектептерінің, кәсіби және әуесқой командалардың жаттығатын орнына айналады. Сонымен қатар, ол адамдар сырғанақ тебетін айдын ретінде де пайдаланылады. Өйткені, кешен бастапқыда денешынықтырумен айналысып, саламатты өмір салтын ұстанғысы келетін адамдар үшін салынған.


Серік ЖҰМАБАЕВ,

"Алматы ақшамы"

 

 

 

Пікірлер