АҚШ-тағы наразылық: Twitter Трампты «тырп еткізбеуге» көшкендей

1729
Adyrna.kz Telegram

Дональд Трамп Twitter  парақшасында Вашингтондағы наразылыққа шыққандарға арнайы жазба қалдырды деп жазады «Адырна» ұлттық порталы РИА-новости агенттігіне сілтеме жасап.

Капитолиядағы наразылық білдірушілерге бейне хабарлама жасаған Дональд Трамп арада бір сағат өтер-өтпес наразы топқа үйлеріне қайтуды, тарауды айтып өтінді. "Сайлаудағы қасиетті жеңісті ұлы патриоттардан соншалықты салтанатты және агрессивті түрде алған кезде болатын жағдайлар мен оқиғалар бар. Үйге сүйіспеншілікпен және тыныштықпен қайтыңыз. Бұл күнді мәңгі есте сақтаңыз!"- деп жазды Трамп Twitter-де.

Twitter бұл хабарламаны осыған дейінгі бейне хабарлама сияқты, бірден "сайлауды бұрмалау"туралы мәлімдемеге байланысты даулы деп атады. Сонымен қатар Twitter Трамптың бұл жазбасына ешбір белгі қоюға немесе бөлісуге болмайтын етіп белгі қойды.

Еске салсақ, бұған дейін Капитолий төбесінде тәртіпсіздіктер орын алып, Трамптың наразылық білдірушілері Конгресс ғимаратына кірді. Кем дегенде бір адам қайтыс болды. Бұған дейін Трамп өз жақтастарының алдында митинг өткізіп, оларды Капитолияға баруға шақырған еді.

Пікірлер