Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаева бостандыққа шықты

2023
Adyrna.kz Telegram

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Abai.kz-ке сілтеме жасап.

Жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

Сотталушы Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені туралы хабарланды.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімі бойынша, 2020 жылы 6 қаңтарда қыздың өтініші қанағаттандырылды. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді бақылау пробация қызметіне жүктелген.

Айта кетейік, Толыбаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін 2019 жылы қаңтарда 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол жылы 6 наурызда Алматы колониясында жазасын өтеп жатқан Жанар Толыбаева екінші баласын дүниеге әкелген болатын.

Пікірлер