Алматының негізгі антикалық заманда қаланған

3060
Adyrna.kz Telegram

Жалпы қалалардың пайда болуы тарихи  категория. Қалалар адамдардың көпшоғырланған тұрақты мекені болып, онда саяси басқарушы, сауда және өндіріс, рухани орындардың орталықтары орналасқан. Алғашқы қалалардың негізгі б.з.б. 4-1 мыңжылдықтарда Азия және Африка құрлықтарындапайда болған (1.Б.545). Тарихи осы кезендерде Орталық Азияда да ірі-ірі тұрақты мекендер болып,олардың кейбірі дамып, үлкенді-кішілі қалаларға ашылғын. Б.з.б. I ғасырында өмірсүрген грек георафы Страбон: «Бактрияның арғы жағында мыңдаған қалалар бар» - деп текке айпаған (2.Б.78).

Б.з.б. бір мыңыншы жылдарында тарихқа белгілі Бактрия қаласы Амударияның жоғарғы ағысында орналасқан,ғұлама Страбон  осы күнгі Өзбекстан, Тәжікстан және солтүстік Ауғанстан жерлерінде Бактрияның шығыс, солтүстік аймақтарында  қала дәрежесіне жеткен белгілі мекендердің болғанын баяндаған. ХХ ғасырда археологтар Страбон айтқан көптеген антикалық қалаларды Орталық Азия жерінен тауып, оларды зерттеп келеді.Орталық Азияда ұзақ жылдар бойы кешенді экспедициялар археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. С.П.Толстов басқарған «Кешенді  Хорезм археологиялық -этнографиялық экспедициясы» (1930-1975жж.); Ә.Х.Марғұланның  «Орталық Қазақстан экспедициясы (1950-1980 жж.); С.В.Киселев, А.П.Окладников «Алтай, Монғолия археологиялық экспедициясы»; Өзбекстан Республикасының  «Археология институты» және т.б. ғылыми институттар Орталық Азияаймағында әр түрлітарихикезеңдерге жататын ескерткіштердізерттеп, атарихқа сүбелі үлесін қосып, Орталық Азияның автохтондық этникалық  құрамының тарихына үлкен өзгерістер енгізді.

shalkenov-uҰзақ жылдар Орталық Азия жеріндегі ескерткіштерді  зерттеу барысында археологтар осы өңірден тас, қола, темір және ортағасырға жататын археологиялық ескерткіштерді ашты. Олардың нәтижесінде том-том болған еңбектер жарық көрді. Міне, осы археологиялық зерттеулердің нәтижесіне және жазба деректерге сүйеніп, халқымыздың шынайы тарихын  жазуымыз бүгінгі күннің талабы.

Солай болса, Алматы қаласының жасын белгілеуде де ғылымжетістіктеріне сүйенуіміз қажет.Орталық Азияда тарихи мәнгеие археологиялық архитектуралық ескерткіштер өте көп. Олар біртіндепЮНЕСКО тізіміне енгізіліп жатыр. Таяуда осы әлемдік ұйымның қарарына Алматы қаласы дакірді. Енді Алматы қаласының жасын белгілеп, оны салтанатты мәнде мерекелеу үшін көп жұмыстар атқарылып  жатыр. Осы жағдайда тарихқа үстірт қарайтын еуроцентристік көзқарастан арылмай жүрген кейбір ғалымдар, 1979жылы Алматыдағы «Погранучилищенің» орнынан табылған ХІІІ ғасырда соғылған екі күміс тиын (монета) (3. Б. 13.) негізіне сүйеніп, Алматы шаһарының  жасы 1000 жылдеп  белгіледі.Монеталардың соғылған жылы қаланың пайда болған жылы деп болжаудың өзі ақылға сыймайды. Оған дейін бұл қала қанша ғасыр өмір  сүріп, оның осіп, өркендеген, саяси, экономикалық және мәдени орталыққа айналған кейін өз  ақшасын шығарған болуы тиіс. Алматының  жасы 1000 жыл деп мерекелеудің  негізгі жоқ. Алматы антика заманда негізі салынған көне қала екенін дәлелдейтін артефактілерге тоқталайық. Жер жәннаты Жетісу өңірінде орналасқан антикалық қала осы күнгі Алматыдан археологтар 24 ескерткіш ашты. Олардан 10 –ға жуық тұрақты қоныстың орны, 14 шақты оба (қорғандар)(3. Б.21) ашылды. Осы ашылған жәнезерттелген ескерткіштер орнынан әртүрлі тарихи кезендерде тұрмыс тіршілікте  қолданылған жәдігерлер табылды. Атап айтсақ, б.з.б. ІІІ-ІІ мың жылдықтарына жататынтас құралдар, қола бұйымдар, қоладан жасалғаншотбалта, балғалар және т.б.; б.з.б. ІХ-VІІІғғ. Теренқара, Боралдай (б.з.д. VІІ – б.з.І ғ.) қоныстарынан табылған тағы да басқа жәдігерлер; б.з.д.ІV- ІІІғғ. жататын үш аяқты қазандар;  ІV- ІІІғғ. тиесілі алтын бұйымдар, қола бұйымдар және т.б. жеткілікті мөлшерде табылды.

Алматы шаһары  жерінен табылған бай артефактілер «Древности Алматы»  (2005); «История Алматы» Т.1. 2006); «История Алматы в документах»  (2008) атты кітаптарда баяндалған. Біздің тоқталған артефактілер осы күнгі Алматы қаласының  орнында антикалық дәуірлерде өмір сүрген бабаларымыздың тарихынан хабар береді.

Қола дәуірінде Жетісу өңірінде қаламыздың тұрған жерінде тұрақты мекен құрған бабаларымыз Алматының негізін қалаған. Алғашқы кезінде кішігірім қоныс болғанымен, кейін бірте – бірте үйкейтіп  дами берген. Оның дамуына үстінен өтетін «Ұлы жібек» жолы айрықша әсерін тигізген. Б.з.б. ІІ ғасырында Ұлы жібек жолы Қытайдан басталып, батысқа қарай жүріп, осы күнгі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменістан жері арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы Дамаск, Тир қалаларына дейін барған. Осы жолдың бойында керуендер тоқтайтын үлкенді- кішілі тұрақты мекендер, сарайлар болған.  Сондай мекендердің бірі Алматы болғаны сөзсіз.

Қазіргі егемен еліміздің оңтүстік – шығыс жағымен Ұлы Жібек жолының желісі өткен (4.СИЭ.Т.3.Б.147-148). Ол  - Қытайдан басталып, Батысқа қарай тартылған Ұлы жолдың желісі. Жібек жолы Шығыс Түркістанда екі тармаққа бөлінген. Біріншісі –  Оңтүстік те, екіншісі – Солтүстік тармақ. Бірі Қашқар қаласын басып өтіп, Жаркент қаласына келген. Жаркент кешегі кеңес заманында Панфилов де аталды. Енді өзінің тарихи атауын алып, Жаркент болды. Ал оңтүстік тармағы Жетісу бойының Нарынқолдың  оңтүстігін бойлап, қазіргі Шелектің үстімен Ыстықкөлге жеткен. Ыстықкөл жағасындағы Қырғызстанның Қарақол қаласынан Ферғана аймағына өтіп, Түркіменістандағы Мевр қаласына келген. Осы жерде Ұлы Жібек жолының тармағы тоқталады. Жібек жолының  солтүстік тармағы осы күнгі Талдықорған қаласында  Қойлық аттыкөне қаланың орны бар. Қазіргі кезде біздің  археологтар сол көне  қаланың орнын  көп жылдан бері қазып жатыр. Одан кейін Шеңгелдіден өтіп, Алматыға келген. Алматыдан өтіп, Каскелеңге барған. Ұзынағаштан Қастек деген асу арқылы Шу өңіріне өткен. Солтүстігін жағалап отырып, Тасөткелге барған. Ұлттық университет ғалымдары зерттеп жатқан Баласағұн қаласының үстімен  осы аттас тауды  басып өтіп, одан әрі Меркеге барған. Одан Құлан арқылы Таразға барған. Осы жолдармен Батыс пенен Шығысты байланыстарған Ұлы Жібек жолы біздің ғасырымыздың  бұрыңғы екінші ғасырда пайда болған. Осы Ұлы жібек жолының картасы К.М.Байпаковтың «Великий шелковый путь» монографиясының 36 – бетінде жарияланған. Ол картада Орталық Азия жеріндегі жолдардың бәрін жібек жолы деп көрсеткен. Бұл шындықты  бұрмалаушылық. Ол жолдардың өздерінің атамалары болған  (6.Б.36).

Міне, осындай сол кездегі ірі Жібек жолының бойымен қатынайтын керуендердің  тоқтайтын ірі сауда орны осы күнгі  Алматы қаласы болған. Сол кезеңдегі Алматы қаласының орталығы осы күнгі Көк базардың орны. Кейінгі кезде ол аймақты Ұлы Жібек жолы деп атауында да тарихи негіз жатыр. Қаламыздың батысынан шығысына қарай өтіп жатқан үлкен көше қазір ол. Міне, Алматы қаласының негізі осы жерде пайда болды.Оны дәлелдейтін  археологиялық деректерге жоғарыда тоқталдық. Біздің Алматы қаласының үстінен Боралдай деген өзен өтеді. Осы өзеннің бойында  60- қа жуық қола дәуірінің обалары (қорғандары)  тұр. Бұл, негізінен, қола мен темір дәуіріне  жататын ескерткіштер шоғыры. Олар біздің дәуірімізден бұрынғы бесінші, алтыншы дәуірлерде өмір сүрген халықтардан  қалған қорғандар. Қазіргі кезде ол жерлерді Алматы қалалық  әкімшілігі қорыққа айналдырып, көп жұмыс атқарып жатыр. «Алматы ақшамы» газетінің 2010 жылғы желтоқсан айында «Археологтар Алматының жасын екі есеп ұлғайтты» деген мақала  жарық көрді. Осы күнгі Науаи көшесімен Арасанға қарай көтерілген  шатқал бойында бірнеше қоныстар ашылды. Осы қоныстар  біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырға тура келетінін, осыдан барып Алматының жасы екі мың жыл болатынын Карл Байпаковтың өзі де жазған еді.

Жазылған деректерге, қазіргі табылған археологиялық қазбаларға сүйеніп, Алматы қаласының тарихын мың жыл емес, екі мың жыл деп белгілеуіміз  керек. Тараз қаласына 2 мың жыл, Түркістанға 1,5 мың жыл деп мерекелегендей, Алматы қаласының тарихын да 2 мың жыл деп жариялап, тойлағанымыз жөн.

Өз басым Алматы қаласының тарихы туралы мынандай мақалалар жариялаған екенмін: «Алматы қаласының атын өзгертудің негізі жоқ» («Ана тілі»  газеті, 2003 жыл, 22 наурыз); «Алматының тарихы тереңде» («Алматы ақшамы» 2010 жыл, 22 қазан); «Алматыға екі мың жыл» («Алматы ақшамы» 2012 жыл, 14 мамыр); «Алматы қаласының тарихы екі мың жылдан кем емес» («Алматы ақшамы», 2015 жыл, 30 шілде). Осы аталған төрт мақаламда да Алматы қаласының жасы туралы әңгіме айтылады. Онда тарихи деректерге сүйене отырып, жазба және археологиялық деректер негізінде Алматы қаласының жасы екі мың жылдан асады деген пікірді көп жылдан бері алға тартып келемін.

Алматы қаласының  мерейтойын Егеменді еліміздің  дәрежесіне сай өткізу үшін көптеген оқырмандар мен көрнекті жазушылар, ғалымдар өз пікірлерін мерзімді баспасөз беттерінде  білдіріп жатыр. Олардың көпшілігі Алматы тарихының тереңде екенін айтып та, жазып та келеді. Сөзімізге дәйек келтіру үшін еліміздің белгілі ірі ғұлама ғалымы Төрекелді Шармановтың сөзін келтірейік: «Бұрыңғы кеңес дәуірінде қаламыздың тарихы Верныйдан басталды деп шолақ қайрылғаны көңілдің түбінде түйіткіл болатын, енді, міне, бүгінгі Тәуелсіздік таңында шаһарымыз үшін лайықты әділеттік орнады десе болар. Қазіргі таңда археолог- тарихшы ғалымдарымыздың дәлелдеріне сай Алматының тарихы 1000 жылдан да тереңге бойлайтындығы, ежелгі қола, сақ дәуірлерінен бастау алатындығы расталып, әлемдік дәрежеде танылуда. Жалпы археология ғылымы үшін Алматының маңындағы Есік қаласынан табылған «Алтын адамның» қорымы ерекше құнды қазына саналады, демек, Алматының әлі де ашылмаған сыры мен мәні тарихы мен құпиясы мол» (7.)    Ғұлама дұрыс айтады, Алматы  тарихының негізі антикалық заманнан басталады. Әлде де бұл мәселені жан – жақты зерттеп, Алматының шынайы тарихын жарыққа шығару бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Бұл күрделі мәселені шешу  Алматы қаласының 2000 жылдық мерейтойын өткеру, оның өте бай тарихын терең  зерттеуге жол ашады.

Қазақстан-2050 «Мәңгілік Ел» Стратегиясы, Мемлекеттік «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Алматының мыңжылдық тарихы: археология және жазба деректері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі ұйымдастырған конференцияның мақсаты – Алматы қаласы тарихының көкжиегін кеңейту және жаңа ғылыми деректерді жинау, ғалымдардың атаулы мәселе бойынша тәжірибе алмасуына жағдай жасау, Алматының мың жылдықтарға тамыр тартқан тарихы терең қала екендігін ғылыми дәлелдеу. Жиын барысында сөз алған баяндамашы тарих ғылымдарының докторы, профессор Уахит Хамзаұлы «Алматының негізгі антикалық заманда қаланған» тақырыбындағы баяндама жасады. 


Шәлекенов Уахит Хамзаұлы,

Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі,

т.ғ. д., профессор.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Советская историческая энциклопедия (СИЭ). Т.4.М., 1963
  2. История Узбекской ССР.Т.1 кітап 1, Ташкент, 1955
  3. Самашев З., Григорьев Ф., Жумабекова Т. Древности Алматы, 2005
  4. СИЭ Т.3 М., 1963
  5. Алматы ақшамы, 25 тамыз 2016 жыл№99 (5292)
  6. Байпаков К.М. Великий Шелковый путь, Алматы, 2007, 495 бет
  7. Шарманов Т. Әлемді қазақтың мейірбан келбеті шарлап кетті//Алматы ақшамы, 25 тамыз, 2016.
Пікірлер