Жыл үздіктері - 2023. Жалғасы

4649
Adyrna.kz Telegram

“Адырна” ұлттық порталы 2023 жылдың сала үздіктерінің тағы бір қатарын тізбектеді. Бұл жол өнер, мәдениет, білім саласының үздік мамандары жасақталды.

Жыл үздіктерінің екінші санының майталмандары төмендегі жандар:

«2023 жылдың үздік ұстазы» - Рысбек Мәуіт

Рысбек Мәуіт - “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының негізін қалаушы, математик ұстаз. Білім беру саласында бірнеше жылдан бері жанын салып қызмет етіп келеді. 2017 жылы “Үздік педагог” атағының иегері.

«2023 жылдың үздік мәдениет қайраткері» - Асқар Наймантаев

Асқар Наймантаев - қазақстандық актер, сатирик, театр және кино режиссёрі. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» медалінің иегері. Асқар ағамыз 2023 жылдың 2 желтоқсанында дүние салған болатын.

«2023 жылдың үздік этнографы» - Серік Ерғали

Қоғам қайреткері, мәдениеттанушы Серік Ерғали қазақ халқының тарих, ұлттық-құндылық турасындағы түрліше мәселелеріне белсенді пікір білдіруімен ел есінде.

«2023 жылдың үздік ғалымы» - Асқар Жұмаділдаев

Асқар Серқұлұлы - белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.

«2023 жылдың үздік әншісі» - Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген - әлемге танымал қазақ жұлдызы. Бұлбұл дауыстың иесі. Қазақ атауын әлемге танытып жүрген Қазақстанның халық әртісі. “Халық әртісі” атағы Димаш Құдайбергенге 2023 жылы берілді.

«2023 жылдың үздік өнертанушысы» - Ерлан Төлеутай

Ерлан Төлеутай - қазақ өнертанушысы, дәстүрлі әнші. Төл өнерімізді дәріптеп жүрген асқан талант иесі.

«2023 жылдың үздік жазушысы» - Мұхтар Мағауин

Мұхтар Мұқанұлы тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. "Алтын Орда" деректі тарихи романын жазып бітірді, 2024 жылдан бастап "Жұлдыз" журналына басылып шығады

 

 

 

Пікірлер