АЙМАН САҒИДУЛЛА: А.Аймағамбетовтің хатшысы кешірім сұрасын!

8874
Adyrna.kz Telegram
Құрметті Askhat Aimagambetov мырза! Құрметті әріптестер!
Осы білім саласындағы заңсыздықтар мен жемқорлыққа қарсы күресіп келе жатқаныма 6 жылдан асты. Сіздер жақсы білесіздер, тіпті соттасқан кезім де болды. Алла қолдап ,халық қалдап,заң қолдап сотта да жеңіп шықтым. Кейбір кезде басқа жұмысқа да кетіп қалғым келетін, бірақ мұғалімдік менің жаныммен қалаған жұмысым болғандықтан кетпедім.
Сіздерге, ащы да болса бір шындықты айтқым келіп отыр.
Соңғы кезде Білім және ғылым министрлігінің қоғаммен байланысы мүлдем әлсіреп кетті. Тіпті кейбір менен де басқа әріптестер , белсенділер байланыстың нашарлап кеткенін айтып жүр.
Себеп біреу, ол министрліктің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек. Осыған нақты көзім жетті. Ол келген кезден бастап қоғам белсенділерімен, ойын ашық айтатын мұғалімдермен министрліктің арасы өте алшақтап кетті.
Аймағамбетов келген кезде елден бұрын қолдап және барлық мұғалімді министрді қолдауға шақырдым.
Себебі:
1. Министрдің қарапайымдылығы ұнаған еді. Ол менімен қатар бірнеше белсенді мұғалімді тамыз кеңесіне өзі арнайы шақырып, уақытын бөліп, мәселелерді ашық талқылағаны ұнады. Әр мәселеде қарапайым мұғалімдермен ақылдасып тұрды.
2. Фейсбукте жазылған кез келген мұғалімнің мәселесін министр өзі назарда ұстауға тырысты.
3. Арнайы уатсап топ аштық. Вице-министр Шолпан Каринова, сол кездегі кеңесші Ерболат Мұхамеджан, ұлттық тест орталығының басшысы Дидар Смағұловты сол топқа қосып, мәселелер туындап жатса бірден шешуге тырыстық.
4. Сол кезде "Педагог мәртебесі" заңы жасалу үстінде еді. Сол заңның кей тұстарының кемшілігін айтқан белсенді мұғалімдердің ұсынысын қабылдап , өзгертіп отырды.
"Мұғалімдердің жұмыс уақыты" туралы ережеге де біз, мұғалімдер ұсыныс айттық. Ол ұсынысымызды да министр Аймағамбетов қабылдады.
Иә, ұмытып барады екенмін. "Әдеп кеңесі" құрамын өзгертуге осындағы әрбір мұғалім пікір айтқан едік. Ол пікірлерімізді де қабылдаған болатын.
Мен сол кезде Аймағамбетовті қолдағандардың бірі болдым. Қоғамға етене жақын Аймағамбетов қайда кетті қазір?
Аймағамбетовтің қоғаммен байланысын Гаухар Омарбек ханым құртты, қазір кез келген қоғам белсендісінен сұрасаңыз байланыс мүлдем нөлдік деңгейге жетті. Гаухар ханым сол жерде қоғаммен байланысу үшін, біз сияқты мұғалімдердің үнін есту үшін жалақы алып отырған жоқ па?!
Министрмен арамызды бұзып, министрді елге жаман қылып көрсетіп жатыр. Арты жақсы болмайды бұның.
Біз біраз уақыт бұрын арнайы уатсап топ та аштық. Ол топқа облыстық білім басқармасының басшыларын, белсенді мұғалімдерді, орта білім және мектепке дейінгі комитеттің басшысы Майра Меделбекованы жаңағы Гаухар Омарбекті де қостық.
Топ жұмыстан заңсыз шығарылған мұғалімдердің мәселесін жылатпай, көрінген есікті қағып ,әділдік іздеп шырылдауына жол бермей шешу болатын.
Гаухарды сыйлағанымыздың белгісі ретінде топтың әкімшілігін бердік. (Билігін)
Гаухарды қосқан себебіміз халықпен жұмыс істеп өзін көрсетсін деген ниетіміз еді.
Бірақ Гаухар ханым біз ойлағаннан басқа болып шықты. Бір күнде барлық командасын топтан шығарып, топтың жұмысын тоқтатып, аяқ астынан диктатор болып шыға келді.
Сіздің күнделікті сұқбатта айтқан әдемі сөздеріңіз ,жұмыстан заңсыз қуылып, әділдік іздеп шырылдаған мұғалімдерге демеу бола алмайды. Аш адамға алтынмен апталып, күміспен қапталған ішіктің керегі жоқ. Біз осындай мұғалімдердің көз жасын сүртуге әзір едік және оның оңай шешілер жолын тапқанымызға қуанып жүргенде Гаухар бәрін де жоқ қылды.
Гауһар Омарбек келген көктемнен бері біздің көтерген қаншама мәселеміз жауапсыз қалды.
Фейзбукке сізді тектеп жазған сұрақтарымызға ешқандай жауап берілмейді.
Соңғы көтергеніміз "Сайлау жұмыстарынан мұғалімдерді құтқару" мәселесі. Министрліктің жауап бергенін көрген адам бар ма?
Газет-журналға заңсыз жаздыртудан құтқаруды сұрадық, нәтиже болды ма?
Қосымша сабақтар туралы сауал жолдадық, жауап берілді ме?
Осының бәрі кімнің жұмысы еді?
Асхат Аймағамбетов мырза, хатшы қызыңызды жөнге салуыңызды талап етеміз! Бізден ресми түрде фейсбукте кешірім сұрамайынша біз тоқтамаймыз.
Пікірлер