Нұр-Сұлтандық тұрғынның пәтерінен бірнеше жүк көлігіне «жүк» болатын қоқыс шығарылды

2389
Adyrna.kz Telegram

Үйдің тұрғындары  жалпы чат бойынша «Байқоңыр» ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы полиция капитаны Дәулетбек Тәңірбергеновке өздері тұратын үйде тарақан мен тышқанның көбейіп кеткені, қолаңсы иіс шығып тұрғаны туралы шағымданған. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Себебі олардың көршісі бірнеше жыл бойы өзінің үш бөлмелі үйін қоқыс орнына айналдырған. Тұрғындар көршісінің кейбір заттарды керек деп қалдырғанын, одан кейін көшеден, қоқыс орындарынан заттарды пәтеріне таси бастағанын айтқан. Тұрғындардың полицияға жүгінуіне тура келген, себебі, ол ешкімге есік ашпаған.

Сасық иіс, тарақандар мен түрлі жәндіктер тұрғындардың мазасын кетірген.

Мән-жайды анықтау кезінде 53 жастағы ер адамның жалғыз тұратыны анықталған.

Учаскелік полиция инспекторының көмегімен ер адамның пәтерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылған. Үйді жинау екі күнге созылған.    Нәтижесінде оның тұратын үйінен бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылған. Үйдің тұрғындары учаскелік инспекторға көмек көрсеткені үшін алғыс айтуда.

Бұған қоса, учаскелік инспектор ер адамның жеке куәлігін және әлеуметтік жәрдемақы алу үшін құжаттарын қалпына келтіруге көмектескен.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер