Өрттің әкелген зардабы қандай?

3747
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жадай – табиғи немесе өндіріс апаттарының зардаптарын  материалдық, техникалық, ақша қаражаты мен адам күшін талап ететін жадай. Қазақта «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Табиғи апаттардың ішіндегі адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян тигізетін алапат апаттың бірі – өрт. «Өрт – тілсіз жау» деп ата-бабамыз бекер айтпаған.

Өрттің шығу себептері: электр жабдықтарының ақаулығы, балалардың ашық отпен ойнауы, адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарауынан, мас күйінде темекі шегіп ұйықтап қалу, тұрмыста болсын, қызметте, сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтамауынан туындайды.

Жақында Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымы және өрт қауіпсіздігі туралы» тақырыбында өткен брифингте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрттің туындауы, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы қаупін азайту мақсатында ТЖ министрлігінің алдын алу жұмыстары туралы ақпарат берді.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарының 118 959 тұрғын үйі есепке алынған. Тұрғын үйлерді  аралау жұмыстары 100 % орындалды, оның барысында 334 469 азаматқа нұсқамалар таратылды.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен комиссия құрылып, олар жиыны 87 497 үйді аралаған. Сондай-ақ, профилактикалық жұмыстарға өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде автономды жылыту жүйелері бар төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылуда. Жалпы, 1 156 185 үйге аралау жұмыстары жүргізілді, 2 410 536 азаматқа нұсқамалар берілді.

Улы газбен уланудан немесе өрттен болған қайғылы салдардың қаупін азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың демеушілік есебінен (2020 жылғы 1 маусымнан бастап) 16 150 датчик алынып, орнатылған. Оның ішінде табиғи газ – 6 237, улы газ – 9 028, түтін – 885.

Жылыту маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап) тұрғын үй секторында 2 768 өрт болған, оның салдарынан 96 адам, улы газбен улану (өрт  туындамай) салдарынан 7 адам қайтыс болған.

Өткен жылыту кезеңінің сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт санының 5,4%-ға өскен (2019ж. – 2 625). Өрт  кезінде қаза тапқандар саны 11,6% (2019ж. – 86), қайтыс болғандар саны улы газбен улану салдарынан (өрт туындамай) 53%–ға төмендеді (2019ж. - 15).

Өрттердің туындауы, адамдардың қаза болуы мен жарақаттану қаупін азайту мақсатында ТЖ министрлігі жаңа жылдық іс-шараларды өткізу барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ауқымды профилактикалық жұмыс ұйымдастырды.

2020 жылдың басынан бастап ел аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде 15 өрт оқиғасы тіркелген. Осы орайда Полиция департаменттерімен бірлесіп, пиротехникалық қауіпсіздік бұйымдарын рұқсат етілмеген сату орындары бойынша 33 рейд жүргізілді. Рейдтер барысында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігінің талаптары түсіндірілді. 222 нұсқама өткізілді (2414 адам қамтылды). 3710 дана үгіт-насихат материалы таратылды.

 

Ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалардың, дәмханалардың, клубтардың иелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерімен 3 дөңгелек үстел өткізілді, онда мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

 

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.

 

 

Д.Арғынгелді,

«Адырна» ұлттық порталы.

ҚР ТЖМ Баспасөз орталығының

көмегімен дайындалды.

 

Пікірлер