БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Қытай АҚШ-ты басып озды

2340
Adyrna.kz Telegram

Біз осы уақытқа дейін АҚШ-ты интернет әлемінің көшбасшысы деп мойындап келген болатынбыз. Қытайдың ғалымдары мен сарапшылары АІ саласының маңыздылығын аса терең ұқпай келгендігін түсініп, өздерінің интернет саласындағы жаңа ғасырының табалдырығына аттады. Қытайдың жасанды интеллект технология саласының ғалымдары адамның миының шексіз мүмкіндігін пайдалануды әрі мидың жұмысының шыңырауындағы функционалды процесінің қызметтеріне дейін қолдануға болатынын жақында дәлелдеді. Қытайдың интернет эрасы арқылы "жасанды инженерия" ғасырына адамзат баласы аяқ басқалы тұр. Бұдан алдында АІ алгоритмдерін жазатын инженерлердің ІТ саласында рөлі мықты болса, қазіргі уақытта үлкен ақпараттық қормен жұмыс жасау технологиясы алға озып шықты.

Қытайда жасанды интеллект технологиясын дамтудың арнайы мемлекеттік бағдарламасы дайындалып, оған 1,5 триллион АҚШ доллары бөлінді. Ал, 2030 жылға қарай Қытай өкіметі жасанды интеллект технологиясына инвестиция салу жағынан АҚШ-ты басып озып, тізгінді қолына алған бірінші көшбасшыға айналмақ. 2030 жылға қарай әлемдегі жасанды интеллект технологиясынан түскен табыстың 60 пайызына дейін Қытайға тиесілі болуы мүмкін.

Алдағы уақытта Қытайдағы тұтас әлеуметтік ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері мен оларға көрсетілетін қызмет жасанды технологиямен іске асырылады. Қазірдің өзінде өмір онлайн картинаны көрсетіп келе жатыр. Қытайда қазір 600 миллион камера орнатылса, оның әрбірі 3 секунд ішінде әрбір азаматтың жүргені мен тұрғаны бойынша деректерді жазып беріп отырады екен. Ал, Қытайлықтар мұны болашақта дәстүрлі әрі қалыпты жағдай деп қабылдайды деп пайымдап жатыр жасанды интеллект саласының мамандары.

Заман мүлдем жаңа форматқа көшіп бара жатыр. Өзге жұрт айға да, Марсқа да сапар шегіп, адамзат өркениетінің өзге форматына өтіп, бізге баяғы ертегі болып көрінген өмірді басынан кешіруде. Аз ғана мысал айта кетейін. Қытайлық Xiaomi компаниясының негізін қалаған Лэй Цзюнь АҚШ-тағы Кремний жазығында білім алған, өзінің кәсібін дамытып, «Қытайлық студенттер қауымдастығы» атты 40 миллион қолданушысы бар әлеуметтік желіні ойлап тапты. Қазір Қытайда бұл желіні ұлттық технологиялық бренд ретінде қарайды. Бұл азамат одан басқа бірнеше компания ашып тастады. Миллиардер. Ал, біздің қанымыздан, ұлтымыздан болған АҚШ-тағы GOOGLEде Senior Softwаre Engineer статусына ие болған тұңғыш қазақстандық дарын иесі Ғалымжан Етеулинді, GOOGLE де қызмет ететін, Массасчусетс технологиялық университетінің ақпарат саласы бойынша ең үздік маманы, Жапониядағы дүние жүзілік математика олимпиадасында "Алтын бала" атағын жеңіп алған Қуат Есеновті, Facebooкте істейтін Цукербергтің командасындағы жалғыз қазақ қызы Айнұр Мұратованы өзімізге алып келіп, осы тірлікті жасасақ болмай ма...? Қытайлықтар жасап жатыр ғой. Біз өзі дарындыларымызды, барымызды бағаламайтын, қадірлемейтін қандай елміз? Амал жоқ, қаның бұрқ бұрқ етіп қайнайды...

Пікірлер