Біздің мамандар Airbus компаниясының шақыртуы бойынша даярлықтан өтеді

1837
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда ғарыш саласы даму сатысында болғандықтан, білікті мамандар жетіспей жататындығы заңдылық. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін кадрларды өзге елдерге даярлыққа жөнелтіп отырады.

Соңғы жылдары "Протон-М" сияқты ресейлік тасығыштың жұмысы біздің мамандармен тығыз байланыста атқарылды, 100-ге жуық қазақстандық техникалық кешенде және бастапқы кешенде жұмыс істеді. Олар тиісті оқытудан, сертификаттаудан өткен. Байқоңыр ғарыш айлағының оң қапталында "Зенит-М"кешені орналасқан. Ол қазіргі уақытта  Қазақстанға тиесілі және "Бәйтерек"  бірлескен кәсіпорнының басқаруында. Кешен құрамына шамамен 243 объект кіреді және онда 200-ден аз адам жұмыс істейді. Біздің барлық мамандарымыз Ресейдің Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығында дайындықтан өтіп, онда барлық қажетті біліктіліктерді игерді.

Байқоңырдан тыс басқа объектілерге келетін болсақ, онда мамандар Ұлыбритания мен Франциядағы Airbus компаниясының шақыруы бойынша даярланды. Ондағы даярлықтан өткен  жас мамандар  Гилфорд пен Тулузаның ұқсас кәсіпорындарында жақсы дайындыққа қол жеткізді. Сондай-ақ бізде KazSat спутниктерімен айналысатын Республикалық ғарыштық байланыс орталығы сияқты кәсіпорын бар екені белгілі. Ондағы  мамандар да  білікті әрі жас. Менің ойымша, мәселе мамандарды жүктеуде, қызметтің жаңа салаларында тұр, ал біздің әлеуетімізге келетін болсақ, бұл қалыпты жағдай.

Бір қуантарлық жағдай ол ғарыш саласында жүрген инженерлік кадрлар соңғы жылдары бәсекеге қабілетті болып өсуде. Олардың саны бір жарым мыңға жуық болса да, олар  жақсы дайындықтан өткен мамандар.
Кез — келген елде космонавтика мамандары-ұлт элитасы деуге болады.

 

 

Ерке Жомарт,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер