30 жылда екі заң ғана мемлекеттік тілде жазылды

3070
Adyrna.kz Telegram

"Салмақты сұхбат" халықаралық онлайн студиясының қонағы профессор, саяси ғылымдардың докторы,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы болды.

"Салмақты сұхбаттың" модераторы, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Қуаныш Жұмабекұлы Мұрат Бақтиярұлына төмендегідей сұрақтар қойды:

1) Сіздіңше мемлекетшіл азамат қандай болу керек?

2) Сіздің "Тілдік заңнаманы жетілдіру, заң талаптарын күшейту арқылы қажеттілікті туғыза отырып, жаңадан Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек», – деген сөзіңіз бар. Сең қозғалу үшін, әрине, саяси шешім қабылданғаны дұрыс.

Іргетасы орыс тілінде қаланған жүйенің іргесін сөгуге биліктің саяси ерік жігері неге жетпей тұр деп ойлайсыз?

3) Өзіңіз де айтып жүрсіз, 30 жылда екі заң ғана мемлекеттік тілде жазылды. Олар – 1997 жылғы «Халықтың көші-қоны туралы» заң мен 2002 жылғы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заң.

Сіздің ойыңызша, заң жобаларын алдымен мемлекеттік тілде дайындауда ең негізгі кедергілер қандай?

4) Күлтөбенің басында қабылданған «Тәуке ханның Жеті жарғысында» афоризм, мақал-мәтел, қанатты сөздердің көрініс тапқанын тарихтан білеміз. Билер «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің Жеті жарғысы» заңдар жинағындағы негізгі қағидалар мен нормаларды толық меңгеріп қана қоймай, ел-жұртының әдет-ғұрпын, шежіресін, тарихын, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізе алатын дара жандар болған.

Бүгінгі таңда Парламенттегі кейбір депутаттар от ауызды орақ тілді болуы былай тұрсын, қазақша жөнді білмейді.
Бұл тұрғыда не айтасыз?

5) Жерімізге табаны тиген өзге ұлт өкілдерін халқымыздың ерекше жылылықпен қарсы алғаны белгілі. Еліміз өзге этникалық топтардың ұлттық тілдері мен әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін дамытуға да қолдау көрсетуін тоқтатқан емес.

Алайда мемлекеттік тілдің мәртебесі әлі де өз деңгейіне келген жоқ. Жеріміз ортақ болса, тіліміз де ортақ болу керек қой.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты шаралар негізінде қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін атап өткен болатын.

Осы жайлы бірер сөз.

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар

Пікірлер