19 қараша күні Алматыда " Медеу "мұз айдыны ашылды. Ал коронавирустық пандемияға байланысты қандай шектеулер енгізілді, оқи отырыңыздар.
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің 9 қарашада жаряиланған жаңа қаулысына сәйкес «Медеуге» 19-30 қараша аралығында тестілік режимде жұмыс істеуге рұқсат етілген. Бұл дегеніміз, 10 күннен соң санитарлық дәрігерлер мұз айдынында санитарлық талаптардың қалай сақталғанын тексере алатын болады. Егер бәрі жақсы болса, мұз айдыны жұмысын жалғастырады.
«Біз «Медеу» тарихының 48 жылында мұз айдыны алғаш рет жұмыс істемейді деп алаңдадық. Қала басшылығы біздің алдымызға қонақтардың осында болуының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс алгоритмін әзірлеу міндетін қойды. Осыдан соң біз қатаң әкімшілік жолға түстік. Әдеттегідей, әр сессияға шамамен 4 мың адам қатысады, қазір біз бір сессияға 500 адамнан тұратын шекараны орнаттық. Бұл ең маңызды шектеу сәттерінің бірі, - дейді "Медеу" басшысы Наиль Нұров.
Екінші шектеу: жұмыс істемейтін кассалар. Енді билеттерді тек онлайн сатып алуға болады. Бұл кезек болмас үшін және келушілердің санын бақылау үшін жасалды.
"Сондай-ақ, мұз айдыны бойынша қозғалудың ерекше режимі: тек бір бағытта. Қонақтар бір қақпадан өтіп, басқалары арқылы шығады. Бұл бағыттар бір-бірімен қиылыспайды. Конькиді жалға берудің ерекше режимі бар. Қазір күніне бір реттен артық коньки жалға бермейміз. Коньки жалға беріледі, қонақ екі сағат бойы жүреді, содан кейін конькилер қайта даярлауға түседі. Яғни, оларды кептіреді, дезинфекциялайды, ультракүлгінмен өңдейді, тек бір тәулік өткен соң қайта береді, - деп сөзін жалғастырды Нұров.
Мұз айдыны демалыссыз жұмыс істейді. Алайда, эпидемияға байланысты «Медеу» басшылығы келушілерді мүмкіндігінше мұз айдынына келмеуін сұрайды.
«Мен мұны айтамын деп ешқашан ойламаппын. Қазір мен алматылықтарға, қала қонақтарына айтуға мәжбүрмін: достар, егер сізде "Медеуге" бармауға мүмкіндігіңіз болса, бұл сапарды ең жақсы уақытқа қалдырыңыз, әсіресе денсаулығыңызда қандай да бір қауіп бар деп ойласаңыз, - дейді Наиль Нуров.
Д. Арғынгелді,
“Адырна” ұлттық порталы