Аборт жасатуға рұқсат бермек

2808
Adyrna.kz Telegram

Тайланд билігі жүктіліктің алғашқы 12 аптасында жасанды түсік жасатуға мүмкіндік беретін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Парламент үкімет министрі бекіткен жаңа заңды 2021 жылдың ақпанына дейін қабылдайды деп күтілуде. Құжат елдің Қылмыстық кодексіне екі түзету енгізбек. Заң жобасы барлық ережелерді сақтай отырып, ұрықтан арылуға көмектескен дәрігерлерді жауапкершілікке тартпайды. Сонымен қатар, жүктіліктің 12 аптасынан кейін жасанды түсік жасатқан әйелдерге салынатын айыппұл мөлшерін азайтпақ.

Бұған дейін Тайландтың Конституциялық соты әйелдердің түсік жасатуға толық құқығы бар екенін мойындаған еді. Бұл қаулы 2021 жылы 13 ақпанда күшіне енеді. Сот шешіміне сәйкес, 1957 жылғы Қылмыстық кодекстің бабы Тайланд конституциясының 27 және 28-баптарына қайшы келеді. Себебі, оларда адамның тең құқығы мен бостандығы бекітілген.

Айта кетейік, өткен жылы елде 200 мыңға жуық әйел жасырын түрде түсік жасатуға мәжбүр болған.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер