Гитлер туралы сіз білмейтін қызықты деректер

12178
Adyrna.kz Telegram

Әлем Адольф Гитлерді Нацистік партияның негізін қалаушы және Екінші дүниежүзілік соғыста Германия қарулы күштерінің бас қолбасшысы ретінде таниды. Ал сіз Германия фюрерінің соғысқа дейінгі өмірі қандай болғанын білесіз бе?

Гитлер қазіргі Аустрия елінің Браунау ам Инн жерінде дүниеге келген. Шын аты-жөні – Адольф Шиклгрубер. Әкесі Австрияның кеден қызметкері, анасы үй шаруасындағы адам болған. Оның ата-анасы жиі қоныс аударғандықтан, болашақ фюрер төрт рет мектеп ауыстырған.

Суретші болуды армандаған

Жастық шағында Адольф суретші болуды армандаған. Оның өнерге, атап айтқанда сурет салуға деген қызығушылығы туралы көп адам біле бермейді. Саясаткер Венада орналасқан Өнер академиясында оқу үшін екі рет емтихан тапсырып, түсе алмаған. 1908 жылы Гитлердің анасы сүт безі қатерлі ісігінен қайтыс болады. Сол кезде ол Венада көшіп-қонып, аман қалу үшін өз туындыларын сатып, күн көрген.

 

Гитлер және Уолт Дисней

Гитлер Уолт Диснеймен достық қарым-қатынаста болды. Ол тіпті «Ақшақар және жеті ергежейлі» мультфильміне бірнеше ергежейлінің суретін салып берген.

Жануарларды жақсы көрген

Фашист адамдарға қарағанда жануарларды ерекше жақсы көріп, оларға зертханалық тәжірибе жасауға тыйым салған. 1930 жылдан бастап вегетариан болған.

Нобель сыйлығына ұсынылған

1939 жылы (Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы-ред.) Гитлер Еуропада бейбітшілік орнатқаны үшін Нобель сыйлығына ұсынылды. Әрине, ол кейін соғысты бастағандықтан бұл сыйлықты алған жоқ.

Он бес дегустаторы болған

Гитлер ағылшындардың өзін улап қоюынан қатты қорқатын. Сол себепті тамағын алдымен дегустаторларға жегізген.

Үрленетін қуыршақты ойлап тапты

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан соң фюрер Дат дәрігеріне арнайы пластиктен жасалған үрленетін қуыршақтардың партиясын шығаруды бұйырды. Бұл ойыншық венерологиялық ауруларды жұқтырудың алдын алу және қанның тазалығын сақтау үшін неміс сарбазының багажында міндетті түрде болуы керек еді. Алайда бұл қуыршақты жасай алатын жалғыз зауыт соғыс кезінде қирап қалғандықтан, жұмыс әрі қарай жалғаспады.

Концлагерьге бармаған

Гитлер қаншалықты қатал адам болса да, соғыс кезінде өзінің жеке бұйрығымен құрылған концлагерьлерге бармаған. “Ол өз көзімен қанша адамды өлімге қиғанын көрген жағдайда, идеяларын  әрі қарай көпшілікке насихаттай алмайтын еді”,-дейді тарихшылар.

Диана АСАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер