Ник Картер: Үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін

4300
Adyrna.kz Telegram

Үшінші дүниежүзілік соғыс бірнеше аймақтық қақтығыстардан тұруы мүмкін, деп болжады Ұлыбритания қорғаныс штабының басшысы Ник Картер Sky News басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, COVID-19 коронавирустық пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыс әлемді жаһандық қарама-қайшылыққа жетелейтін тағы бір фактор болады.

«COVID-19-дың әсерінен туындаған әлемдік экономикалық дағдарыс жаңа қатерлерді тудырып, тіпті дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелуі ғажап емес. Менің ойымша, біз өте белгісіз және үрейленетін заманда өмір сүріп жатырмыз», - деді генерал.

Картер жаһандық қақтығыстардағы өлімінің қайталануына жол бермеу керектігін атап өтті.

Әскери сарапшы Виктор Баранец те британдық қолбасшымен келісіп, үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дәл экономикалық факторлар себепкер болады деп мәлімдеді.

« 21-ғасырда соғыстардың 90% -ы энергия көздері үшін басталады. Бұл «рейтингтің» екінші орнында - су, үшіншісінде - тамақ тұр. Содан кейін ғана өркениеттік даулардың салдарынан туындаған қақтығыстар орын алуы мүмкін », - деп түсіндірді сарапшы.

Сондай-ақ, ол бірнеше жергілікті қақтығыстардың үлкен бір соғысқа ұласуы ықтимал екенін растады.

Ал өткен жылы Осман Памукоглу «Үшінші дүниежүзілік соғыс» атты кітап жазды. Оставкадағы түрік генерал-майоры өз еңбегінде соғысқа қатысушы мемлекеттер ретінде АҚШ, Қытай және Ресейді көрсеткен болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер