Үшінші дүниежүзілік соғыс бірнеше аймақтық қақтығыстардан тұруы мүмкін, деп болжады Ұлыбритания қорғаныс штабының басшысы Ник Картер Sky News басылымына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, COVID-19 коронавирустық пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыс әлемді жаһандық қарама-қайшылыққа жетелейтін тағы бір фактор болады.
«COVID-19-дың әсерінен туындаған әлемдік экономикалық дағдарыс жаңа қатерлерді тудырып, тіпті дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелуі ғажап емес. Менің ойымша, біз өте белгісіз және үрейленетін заманда өмір сүріп жатырмыз», - деді генерал.Картер жаһандық қақтығыстардағы өлімінің қайталануына жол бермеу керектігін атап өтті. Әскери сарапшы Виктор Баранец те британдық қолбасшымен келісіп, үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дәл экономикалық факторлар себепкер болады деп мәлімдеді.
« 21-ғасырда соғыстардың 90% -ы энергия көздері үшін басталады. Бұл «рейтингтің» екінші орнында - су, үшіншісінде - тамақ тұр. Содан кейін ғана өркениеттік даулардың салдарынан туындаған қақтығыстар орын алуы мүмкін », - деп түсіндірді сарапшы.Сондай-ақ, ол бірнеше жергілікті қақтығыстардың үлкен бір соғысқа ұласуы ықтимал екенін растады. Ал өткен жылы Осман Памукоглу «Үшінші дүниежүзілік соғыс» атты кітап жазды. Оставкадағы түрік генерал-майоры өз еңбегінде соғысқа қатысушы мемлекеттер ретінде АҚШ, Қытай және Ресейді көрсеткен болатын.
«Адырна» ұлттық порталы