Қоқыс жәшігіне Жириновскийдің есімі берілді

2425
Adyrna.kz Telegram

Жақындағы бір сұхбатында ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Алматыдағы Масанчи көшесінің атауын өзінің құрметіне ауыстыруды армандайтынын айтқан, себебі, оның жарты өмірі осы көшедегі 79-үйде өткен екен. Оның осы тілегін «Намыс» жастар бірлестігінің белсенділері орындады. Алайда, көшеге емес, оның есімі қаладағы басқа затқа берілді деп хабарлайды  «Adyrna.kz» тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Масанчи көшесіндегі, 79 үйде тұрды, 1964 жылы 3 шілдеде Қазақстаннан кеткен. Владимир Вольфович өзінің сұхбаттары мен көпшілік алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан мен қазақстандықтар туралы екіұшты мәлімдемелер жасаған еді. 2005 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ЛДПР лидері Владимир Жириновскийдің елге келуін қажеті жоқ деп ресми хабарлаған еді.

Алайда, Жириновский жақында берген сұхбатында Алматыны сағынғанын және өзінің есімін өзі туған қалада мәңгі қалдырғысы келетінін айтқан болатын. «Намыс» жастар бірлестігінің белсенділері оның тілегін орындап, Масанчи, 79 мекен-жайындағы үйдің ауласындағы... қоқыс жәшігіне Жириновскийдің есімін берді.

Жириновскийдің суретімен шыққан баннердің қоқыс жәшігінде қанша уақытқа ілініп тұратыны әлі белгісіз, дегенмен, осылайша қоғам назарын саясаткердің мәлімдемелеріне аударуды жастар жөн санапты.

Думан Аманжолұлы,

«Адырна» ұлттық порталы

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер