Джо Байден – АҚШ-тың 46-президенті

2769
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Американың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы мәліметтеріне сәйкес, Джо Байден 273-тен 290-ға дейінгі сайлаушылардың қолдауына ие болды. Жеңіске жету үшін 270 дауыс жеткілікті.

CNN мәліметі бойынша, Пенсильваниядағы бюллетеньдердің 98%-ын өңдегеннен кейін Байден Дональд Трамптың 49,1%-ына қарсы 49,6% дауыс алады. Дауыстар санындағы айырмашылық 34 мыңды құрайды.

Кандидат соңғы қажетті көрсеткішке дауысты санау сейсенбіден бастап жүргізілген  Пенсильвания штатының (20 сайлау дауысы) қорытындысы бойынша қол жеткізді.

Сонымен бірге деректерді түпкілікті деп санауға болмайды, өйткені бұрын штаб жекелеген штаттардағы нәтижелерге байланысты сотқа жүгіну туралы шешім шығарған. Дональд Трамптың жақтастары Пенсильвания, Джорджия, Аризона, Мичиган және Висконсинде деректерді қайта қарауды талап етті. Байденнің айналасындағылар бұл штаттарда өз кандидаттарының мүдделерін қорғауға уәде берді.

Сайлаудың соңғы нәтижелері барлық шағымдар қаралғаннан кейін жариялануы мүмкін. Соңғы қорытындысы 14 желтоқсаннан кейін нақты белгілі болады.

AP мәліметіне сенсек, қазіргі таңда саналған бюллетеньдердің 74,8 миллионы Байденге дауыс берген. Ал 70,5 миллион сайлаушы Дональд Трампты қолдаған.

Бұған дейінгі экс-президент Барак Обама ­– 66 миллион дауыс жинаса, Дональд Трамп – 62 миллион дауыс жинаған. Джо Байден осы лауазымға кандидаттықта АҚШ тарихындағы ең көп дауыс жинап отыр.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер