МАРГУЛАН СЕЙСЕМБАЙ: Жиған білімді пайдаға асыра алмай келеміз

3091
Adyrna.kz Telegram

Мені білім беру саласы қызықтырғалы бірнеше жыл болды және көптен бері біздің дамуымызды тежеп тұрған жүйенің сол бір “осал жерін” табуға тырысып жүрмін. Бүгін міне, осы мәселенің Маркиз де Кондорсе жасаған жарқын болжалы мен оның терең түсінігіне тап болдым.

Француз философы, математик, саяси қайраткер, әлемдегі алғашқы “Білім беру туралы” заңның авторы - Маркиз де Кондорсе 1794 жылы-ақ білім беру жүйесінің адамзат алдында тұрған басты мәселесін тұжырымдаған. Оның тұжырымдары мынадай:

«Әр кезекті ұрпақ адамзаттың жеке өкілі өзіне дейінгі барлық ұрпақтардың жинақтаған білімін бір өзі игере алуымен бетпе-бет келеді».

«Адамның өзіне дейінгі барлық ұрпақтардың жинақтаған білімін игеру қабілеті білім берудегі басты мәселеге айналады».

«Теңсіздіктің негізгісі білім теңсіздігі болады».

«Әдіснаманы оқыту үдерісінің басты мазмұнына айналдыру жолын ойластыру керек, осылайша, адамдарға білімдер жиынтығын емес, оларды игеруге мүмкіндік беретін әдістер мен күрделі білімдер жүйесін мнемосхемалар және тақтайшаларға түсіруге мүмкіндік беретін картиналар ұсыну қажет».

Қазіргі қоғам шындығы тұрғысынан келетін болсақ, мен адамзат алдында тұрған тағы бір үлкен мәселені қосар едім. Ол – жинақтаған білімді іс жүзінде пайдаға асыра білу қабілеті. Ал бұл білім алудың жаңа жолдарын емес, қажетті білімдерді керек уақытында санасынан суырып алуға мүмкіндік беретін жаңа әдістер мен техникаларды және оларды жағдаятқа сәйкес қолдана білу қабілетін талап етеді. Қазіргі таңда “қажетсіз білім” мәселесі артуда, яғни, адам өте көп нәрсені біледі, бірақ өз білімін қолданып, іске асыра алмайды. Білімді сәтті пайдаға асырып, қолдану үшін олар білім алуға ыңғайлы "картиналар, мнемотехникалар және тақтайшалар” күйінде емес, оларды іс жүзінде ендіріп, қолдана алуға ыңғайлы технологиялар мен алгоритмдер арқылы берілуі тиіс.

Пікірлер