Әйгілі актер Шон Коннери қайтыс болды

2508
Adyrna.kz Telegram

Әлемге әйгілі британиялық актер Шон Коннери қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қарапайым еден жуушы Эфеми Маклин мен жұмысшы Джозеф Коннеридің отбасында 1930 жылы дүниеге келіп, 2000 жылы Ұлыбритания королевасы ІІ Елизаветаның пәрменімен «Рыцар» дәргейіне дейін қолы жеткен әлемге танымал киноактер Шон Коннери (атақты кейіпкері Джеймс Бонд) 90 жасында дүниеден озды.

Күллі ғұмырының 50 жылын кино саласына арнаған өнер иесі 70-тен аса фильмге түскен. Актер осыдан 17 жыл бұрын үлкен экраннан кеткен еді.

Голливуд аңызына айналған тұлға 1988 жылы «Оскар» сыйлығын алды. Екі рет Британия кино академиясы және телевизиялық өнер сыйлығын иеленді. Сонымен қатар үш мәрте «Алтын глобусты» еншілеген талант ретінде көпке белгілі.

Осыған дейін Шон Коннери обыр дертімен ауырып келген. Жүрегі де сыр берген.

Бірақ актердің нақты неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Шон Коннери түскен фильмдер:
"Доктор Ноу" (1962), "Из России с любовью" (1963), "Голдфингер" (1964), "Шаровая молния" (1965), "Живешь только дважды" (1967), "Бриллианты навсегда" (1971), "Никогда не говори "никогда" (1983).
Сондай-ақ "Индиана Джонс и последний крестовый поход", "Скала" және басқа фильмдерге қатысқан.
Ұларбек Дәлейұлы
Пікірлер