БҰҰ Таулы Қарабахтағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады

1273

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабахтағы қақтығыс аймағында ауқымды соғыс қимылдары туралы хабарламаларға алаңдаушылық білдіреді, делінген Қауіпсіздік кеңесінің талқылау қорытындысының тұжырымдамасында деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

"Олар (Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері – Sputnik) күш қолдануды қатаң түрде айыптап, адам өліміне өкінетіндіктерін білдірді", – деді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Абду Абарри.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзербайжанды атысты дереу тоқтатуға және алдын-ала шартсыз мәнді келіссөздерді бастауға шақырды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларының орталық рөліне толық қолдау білдірді.

Әзербайжан президенті "қолайсыз" шарттар туралы айтты

Баку Ереванның Қарабах бойынша келіссөзде қолайсыз талаптарды алға тартып отырғанын мәлімдеді.

"Армения қолайсыз талаптар қою арқылы келіссөз процесін әдейі бұзады", – деді Әлиев "Россия 1" арнасының эфирінде.

Таулы Қарабахтағы қақтығыстың шиеленісуі

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте Армения қарулы күштері шектесу сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Оның салдары азаматтық және әскери шығындарға ұшыратқан. Ал Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Әзербайжан тарапынан Қарабаққа әуе және ракеталық шабуылдар жасалған.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер
Редакция таңдауы