Кавасаки синдромы кең таралып жатыр: Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырды

4431
Adyrna.kz Telegram

Алматылық инфекционистер әлемде Кавасаки синдромының кең таралып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының дәрігер-сарапшысы Ғалия Құттықожанова, ата-аналарға балалар арасындағы аурудың алдын алу үшін сақтық шараларына мұқият болыңыздар, деп кеңес берді.

"Ата-аналар балалармен көп жерлерде жүрмеуі керек, сыртқы байланыстарды азайтып, маска тағуы керек. Гигиенаны сақтап, иммунитетті арттыру қажет. Асқынған жағдайда өзін - өзі емдеумен айналыспай, дәрігерлерге жүгіну керек", - деп ескертті Г.Құттықожанова.
Эпидемиологиялық тұрақсыздық кезеңінде санитарлық талаптарды елемеген жағдайда балалардың дерті асқынуы мүмкін.

Құттықожанованың хабарлауынша, Кавасаки синдромы сәуірден кейін пайда болған. Бұл жиі кездесе бермейтін синромдардың бірі. Кавасаки синдромының кең таралуы коронавирусқа байланысты болуы мүмкін.

"Кавасаки ауруы кезінде безгек кем дегенде 5 күн болады. Алашқы белгілері: көздің қызаруы, ауыз қуысының шырышты қабығының гиперемиясы, еріннің зақымдануы, бөртпе, мұрынның қабыршақтануы, аяқ - қол мен табанның ісінуі және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы", - деді ол.

Балаларда Кавасаки белгілері байқалмауы мүмкін. Алайда, ауруды асқындырып алмау үшін оларды ертерек ажыратып, дер кезінде ем қабылдауды бастау қажет.

Еске салайық, Қазақстанда Кавасаки синдромымен ауырған балалар саны 16-ға жетті.

Пікірлер