Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

1073
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-08-at-12.39.17-960x500.jpeg?token=af7ca0dcbe3d1b0e802c5965571bfbe6
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Салтанатты рәсім барысында Президенттік оркестр Мемлекеттік гимнді орындады. Сонымен қатар, Құрмет қарауылының ротасы шерумен сап түзеп өтті. Айта кетейік, 7 мамыр күні Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери парад өтті. Парадқа Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысты.
Комментарии