Мұхтар Шерім. Хош бол, иттің баласы...

1202

Қазақстан Парламентi ауыр қазаға ұшырады. Ұзаққа созылған алты минөттiк ауыр науқастан Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты, үйiндегi алты, сырттағы сегiз баланың әкесi, үйiндегi әйелiнiң үшiншi күйеуi, сырттағы көңiлдесiнiң он сегiзiншi көрпелесi, Мыжбан МӘНДIРБАЕВ
бiр көзiн жұмып, өлiп қалды. Бiр көзiн ғана жұмғаны, екiншi көзi жасанды болатын. Иттiң баласы Мыжбан Мәндiрбаев көзi тiрiсiнде не iстемедi десеңiзшi! Ол ылғи етiгiнiң, туфлиiнiң қонышынан басып жүрдi. Өйткенi, қолынан келдi: қудалады, қуалады, құлатты, жылатты, сұлатты, жатқызып қойды, насыбайын атқызып қойды, бiрақ бiрде-бiреуiн қайтып тұрғызған жоқ. Марқұм ана тiлiне қарсы болып кеттi. Ол өмiрiнде титтей жақсылық жасамаған адам, тіпті Қордайдағы қордаланған мәселелерге тырс етпеді, "Қазақты қазақ жала жауып соттай берсін!" деген принциптен айнымайды байғұс...
Хош, хош иттiң баласы, топырағың балшық, жатқан жерiң шалшық болсын!
Бiр топ дұшпандары.

Мұхтар Шерімнің қышқыл сатирасы,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы