Беларусь оппозиционерлерінің ақ-қызыл-ақ туының мәні және қалай пайда болған?

3742
Adyrna.kz Telegram

9 тамыздағы Беларусь Республикасының президенттік сайлауынан кейін халық шешіммен келіспей, 10 күннен бері тоқтаусыз протестер ұйымдастыруда. Демонстранттар қолына беларустардың мемлекеттік туын емес, қызыл жолақты ақ туды алып шығуда. Билікке қарсылықтың символына айналған бұл тудың тарихы ХХ ғасырдың басынан басталады.

Ақ-қызыл-ақ жалау демонстранттардың негізгі қарсылық құралына айналды. Бұл дәл қазіргі уақытта беларустардың еркіндігі мен тәуелсіздігінің нышаны іспетті. Мұндай жалаулартек наразылық білдірушілердің қолында ғана емес, оларға қолдау ретінде Чехиядағы Брно және Пльзень қалалық залдарының ғимаратында, жыл сайын Оскар церемониясы өтетін Лос-Анджелестегі Долбий театрында, сондай-ақ Киев қаласының мемлекеттік әкімшілігінің кіреберісінде де желбіреді... Мұндай мысалдар өте көп. Бір айта кетерлігі, Мәскеу стадиондарында бұл туды көтеруге тыйым салған. Өткен сенбіде, Мәскеудің екі стадионында, «ЦСКА Мәскеу» – «Тамбов» және «Локомотив» – «Краснодар» командаларының арасында өткен матчта жанкүйерлер осы туды көтеріп тұрған (сондай-ақ В. Цойдың «Перемен» әнін орындаған). Матчтан кейін ту ұстап, ән орындаған жанкүйерлердің ұсталғаны анықталған.

Бірі қолдап жатса, екіншісі қарсы шыққан бұл тудың тамыры қайдан бастау алғанын ақтарып көрсек.

Ту тарихы. Gazeta.Ru-дің хабарлауынша, бұл ту 1917 жылы Беларусь ұлттық қозғалысына серпін берген Ақпан төңкерісі кезінде пайда болған. Ту сол көтерілісті ұйымдастырушылардың өтінішімен жасалған. Авторы – беларусь архитектор-инженері Клавдий Дуж-Душевский.

Gazeta.Ru тудағы түстер жайында: «...ақелдің атауы және Русь халқының қалған бөлігі тізе бүккен кездегі Беларуссияның монғол-татарлардан бостандығының, ал қызыл – ұлттық революция менкөтерілген күннің, ұлттық жаңғыру мен азаттықтың нышаны», - деп жазады.

Көп ұзамай ту халық арасына кеңінен таралып,белорустардың ұлттық символына айналып, 1918 жылы наурызда, Беларуссия ұлттық республикасы (БҰР) боп жарияланған кезде ресми мәртебесін алды. Кейіннен ту бетінде Литваның Ұлы Герцогтігінің Елтаңбасы да бедерленген (елтаңба жөніде төменде кеңірек айтылады). Бірақ бұл туды бірнеше ай ғана қолданған.

Кеңес дәуірінде Беларуссияның ресми туы қызыл-жасыл түстерден тұратын туға өзгерді. Уақыт өте тудың сол жақ тұсында ою-өрнек, орақ пен балға бедерленді.

Мұнымен ақ-қызыл-ақ ту ұмыт қалмады. Кейін де ол эмиграциялық ұйымдар арасында қолданыла берді. 1980 жылдардың аяғында Беларуссияның тәуелсіздігі үшін күрестің нышанына айналды.

Қайта оралуы. Біршама уақыт қызыл жолақты ақ ту өз уақытын күтті. КСРО ыдырағаннан кейін ол тәуелсіз Беларуссияның ресми рәмізіне айналған-ды. Бірақ көп ұзамай, Президент Александр Лукашенконың бастамасымен 1995 жылы, референдум өткізіліп, онда жаңа ту мен елтаңбаны қабылдау туралы мәселе көтерілген.

Ресми мәліметтерге сәйкес, сол кезде азаматтардың көпшілігі (75,1%) Кеңес Одағының уақытындағы туға дауыс беріпті. Әрине, жаңа тудан балға мен орақ алынып, шамалы өзгерістер енгізілген. Бұл әлі де Беларусь Республикасыныңресми туы болып тұр.

Осыған қарамастан, ақ-қызыл-ақ жалаушалар мен «Погоня» елтаңбасы бейресми түрде қолданылып келген. Әрбір сайлаудан кейінгі наразылықтарда көтерілісшілер осы туды көтеріп, қарсылығын білдіріп отырған.

Тудың ортасындағы «Погоня» елтаңбасы –  наразылықтың тағы бір символы. XIV ғасырдың екінші жартысында бұл елтаңба Литва Ұлы Герцогтігінің, көп ұзамай Гедиминович билеуші ​​әулетінің символына айналды. Алайда, кейбір дерек көздерінде оның бейнесі әлдеқайда бұрын кездескені айтылады.

1918 жылы «Погоня» ақ-қызыл-ақ ту секілді БҚР-ның символына айналды. Кеңес заманында бұл елтаңбаны қолданбады. Тек 1980 жылдардың аяғында азаттықтың символы ретінде тағы да Беларуссия тәуелсіздігі жолындағы ұлттық қозғалыстарда қолданыла бастады.

                      Беларуссияның Мемлекеттік Туы

Содан кейін «Погоня» үшжолақты туда бейнеленіп жүрді. 1991 жылы ол тәуелсіз Беларусь Республикасының елтаңбасына айналған болатын. Бірақ 1995 жылғы референдумнан кейін оны Кеңес уақытындағы Беларуссияның елтаңбасына ұқсайтын жаңа елтаңбаға ауыстырды. Осы кезден бастап бейресми «Погоня» елтаңбасы президент Александр Лукашенкоға қарсы оппозицияның нышандарының біріне айналды.

Айжан ПЕРДЕБЕКҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер